12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дәрігерлердің құрметіне түсірілген бейнебаян көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Әннің әр сөзі жүздеген күнін демалыссыз, ұйқысыз өткізген барша жанға деген махаббат пен алғысқа толы.

Әлеуметтік желіде медицина қызметкерлеріне арналған видео пайда болды. Ол «Біз біргеміз» Жаңа жылдық алғыс кеші» жобасы аясында жаңа жыл кешінде жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Клипті әзірлегендердің бірі, продюсер Даут Шайхисламов қазақстандық және ресейлік музыкантшылар орындаған ерекше сыйлықтың әр жолы 2020 жылғы ақ халаттағы батырларға арналғанын атап өтті. Әннің әр сөзі жүздеген күнін демалыссыз, ұйқысыз өткізген барша жанға деген махаббат пен алғысқа толы.

«2020 жыл көпшілік үшін оңай болмағаны сөзсіз, бірақ біз дәрігерлер үшін қаншалықты қиын болғанын елестете де алмайтын шығармыз. Бұл бейнебаян арқылы өз міндетін кіршіксіз атқарған ақ халатты батырларға алғысымызды білдіреміз», — деді Даут Шайхисламов.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан және Ресей әншілерінің қосыла шырқаған үшінші бейнебаяны. Біріншісі «Бір әлем — үйде біргеміз» деп аталатын клип пандемиямының басында шықты, ал содан кейін  Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған «Тырналар» бейнебаяны жарияланды.

«Байдың баласы емеспін». Мәжіліс тарихындағы ең жас депутатпен сұхбат

Қазақстандық парламентаризм тарихындағы ең жас депутат Мәди Ахмет ресми...

Мұздақтағы отты өзен: Камчаткада жанартау атқылады – видео

Камчаткада Ключевской жанартауы қайта оянды. Жанартау ошағынан ұшқан күл...

Қырық екі мың аламыз деп қырылатын болдық (видео)

Әлеуметтік желіде банк алдында топырлаған адамдардың видеосы тарап жатыр....