12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бақыт Жағыпарұлының «Айтыс қанатында» атты кітабы жарық көрді

ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі, журналист, ақын Бақыт Жағыпарұлының «Айтыс қанатында» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтуде. Түсаукесер жиынға Нұртілеу Иманғали, Сағатбек Медеубек, Серік Қалиев, Жүрсін Ерман, Жанарбек Әшімжан, Әділ Құрықбаев секілді жыр сүйер қауым жиналған.

«Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» кітапхана сериясымен жарық көрген ҚР Мәдениет саласының үздігі Б.Жағыпарұлының бұл кітабында оның үздік айтыстары топтастырылған.

Бақыт Жағыпарұлы – қазақ айтысында өз қолтаңбасын қалыптастырып, ұлттық өнердің қоржынына сан мәрте олжа салған, халқымыздың ақтаңгер өнері – айтыс ақыны. 1992-1993жж «Шәлкөде» Орта мектебінде айтыс үйірмесінің жетекшісі және лаборант қызметін атқарған. 1993-1997жж. Т.Жүргенов атындағы «Театр және кино» институтында кино тану мамандығы бойынша білім алған. 1998-2002 жылдары Қазақ радиосында комментатор, редактор, 2001 жылы Қазақстан ұлттық арнасында «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі, 2003-2004 жылдары НТК арнасында Ақпарттар қызметі бас редакторының орынбасары, «Түйін» апталық-сараптамалық бағдарламасының жауапты редакторы әрі жүргізушісі, 2005 жылы 31-ші арнада «Дода» ток-шоуының редакторы, 2005 жылы Алматы телеарнасы «Жаңалықтар» қызметінің редакторы, 2006-2008 жылдары Қазақ радиосының жастар редакциясында редактор-жүргізуші, бөлім бастығының орынбасары, 2009-2012 жылдары Қазақ радиосында «Қайырлы таң, Қазақ елі!» бағдарламасының жетекшісі қызметін атқарған. «Әнуарбек Байжанбаев және Бейбіт Құсанбек» атындағы сыйлықтардың иегері. Көптеген республикалық ақындар айтысының жүлдегері. 2011 жылғы Астанада өткен Республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Бақыт Жағыпарұлы ақын Еркін Ібітановтың 60 жылдығына арналған аймақтық айтыста азулы қарсыласы Қасен Саматыровқа:

Ығысқан талай ақын атағынан,

Ораз ұстап ержеткен шапанынан.

Менімен егеспеске келдіңіз бе,

Ажалына асыққан ата қыран?!

Көсілмесек Еркіннің,

Бұл тойында ұятты.

Тұғырыма жетемін,

Тасырлатып тұяқты.

Келдің бе, Қасен, қасыма,

Аңқау елді алдаған,

Арамза молда сияқты,- деп батыл жауап берген екен. Айтысты аңсаған халық кітаптан осы секілді ақынның батыл жыр шумақтарын оқи алады.

Кітап айтыс сүйер көпшілік оқырманға арналған!!!

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.