12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

COVID-19: ЕКІНШІ ТОЛҚЫНҒА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Коронавируспен сырқаттанудың екінші толқынында кесел жұқтыру дерегі еліміздің барлық өңірінде байқалып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының айтуынша, індет жұқтырушылар саны күннен-күнге артуда. Бір облыс – «қызыл белдеуде» ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде аурудың өткен  аптамен салыстырғанда 2,6 есеге өскендігін атап көрсетті. Дерттің өршуіне байланысты Қазақстанның барлық өңірлері үш белдеуге бөлінген: қызыл, сары және жасыл. ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметі бойынша, еліміздің төрт өңірінде тәжтажалдың таралуына байланысты қауіпті жағдай туындап отыр. Олардың ішінде соңғы тәулікте ауру жұқтырғандардың саны 226 адамға өскен Шығыс Қазақстан облысы «қызыл белдеуге» жатқызылды. Ал Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары «сары белдеуге» кіріп отыр. Қалған өңірлер, оның ішінде Алматы қаласы да, әзірге «жасыл белдеуде». Бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 инфекциясына қатысты 3 млн 655 тестілеу жүргізілген. Шілде айында бұл көрсеткіш тәулігіне 40 мыңнан асқан болатын. Қазіргі кезде тестілеу деңгейі тәулігіне 70 мыңға жетіп отыр. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті Биылғы жаздағы дәрі-дәрмек жетіспеушілігі салдарынан қаншама жан дүниеден өтті? Қанша асылдарымыз шарасыздық пен дәрменсіздіктің құрбаны болды?
Осы кезеңнің сабағын санасына түйген шенеуніктер бұл жолы дәрі-дәрмек мөлшері жеткілікті деңгейде деп сендіруде. Айталық, Алматы қаласы бойынша дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаевтың айтуынша, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтардың
тұрақты қоры құрылған. Жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлініп, оның жартысы дәріханаларды дәрілердің резервтік қорын жасақтауға, ал қалғаны стационарларды қажетті препараттармен қамтамасыз етуге жұмсалған.
– Тағы бір айта кететін жайт – «СК-Фармация» жанынан екі айға жететін дәрі-дәрмек сақталатын тұрақты қор құрылды. «СК-Фармация» республикадағы барлық емхана қоймаларында медициналық препараттардың бір айлық қоры болуын міндеттейтін шешім шығарды. Бұл еліміздегі дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қаланың медициналық мекемелеріне 1,6 млн дана жеке қорғаныс бұйымы түсіп отырады. Таяу арада тағы да қосымша 2,7 млн қорғаныс бұйымы жеткізілмек. Қажет болған жағдайда Алматы
әкімдігі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қосымша қорын жасақтау үшін тағы да қаржы бөлуге дайын, – деді З.Сәлімбаев. Әлеуметтік әлсіз топ дәрігерлер қамқорлығында
Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматыда тұратын 180 мың бала мен қария алдын ала тексеруді өз үйінде тегін өтуде. COVID-19 ауруының екінші толқыны қарсаңында әлжуаз топқа жататын тұрғындарды қауіпті дерттен қорғау үшін оларды өз үйінде тексеру жөнінде шешім қабылданды. Бұл топқа 65 жастан асқан 80 мыңға жуық қария жатады, олардың арасында қан қысымы, тыныс жолдарының созылмалы ауруына және қант диабетіне шалдыққандар көп кездеседі. Сонымен қатар 16 жасқа дейінгі 100 мыңға тарта бала да осындай тексеруден өткізілмек. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған, күнкөрісі төмен, мүмкіндігі шектеулі жандар бар отбасыларға ерекше назар аударылмақ.
– Емханаға жақын тұрамыз, алайда дәрігерлер барлық құралжабдығын алып, үйімізге келді. Күйеуіме электрокардиаграмма жасады, менің көзімнің қысымын, артериялық қысымымды
өлшеді, қант мөлшерін анықтауға сараптама алды. Біз сияқты егде жандарға көңіл бөліп, жылы сөзін арнап жатқан ақ желеңді абзал жандарға алғысымыз зор. Еңбектеріне табыс тілейміз, – деп ризашылықтарын білдірді Наурызбай ауданының тұрғындары, ерлі-зайыпты Алтай Құрманбаев пен Қатипа Жиеншина. Мемлекет тарапынан індеттің алдын алуға қатысты шаралар қолға алынып жатқанымен, қатерлі кеселдің таралмауына ел тұрғындарының өздері де үлес қосып, сақтық шараларын қолға алғандары жөн. «Сақтансаң, сақтаймын» дегенді естен шығармаған абзал.
Айгүл АХМЕТОВА,
«Заң газеті»

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...