12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түзеу мекемесінде қоғамдық жұмыстың пайдасы тиюде

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бірқатар пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тарту кезеңінде, өздерінің еңбек сүйгіштігі және жеке ынталары негізінде ақылы жұмысқа орналастырылған.

Нақтылай түссек,2020 жылдың басынан бастап Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің аймақтық пробация қызметтерінде ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандары үшін 723 сотталған тұлға қоғамдық жұмыстарға тартылған. Қазіргі таңда 96 сотталған азаматтар қоғамдық жұмыс түріндегі тағайындалған жазаларын тұрғылықты жерлері бойынша әкімдіктерде өтеп жүр.

«Шарт талаптарына сәйкес, жергілікті әкімдік, атқарушы орган ретінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамдық жұмыстарға тартады, сондай-ақ, жұмыс істеген уақыттың табелін жүргізіп, пробация қызметіне жазаны өтеушілердің жүріс-тұрысы, жазаны өтеуден бас тартқандары туралы ақпарат беріп отырады. Бұл сотталғандардың еңбегін қоғам пайдасына қолдануға мүмкіндік береді» деді аймақтық пробация қызметтеріне бақылау жасау бөлімінің бастығы Рашид Ержігітов.

Сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту, ол әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да және өзге адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға негізделген. Оның нәтижесі де анық.

Биылғы жылы, өздерінің мәжбүрлі еңбекке тарту түріндегі жазасын өтеп жатқан орындарында жұмыс істеп жүрген сотталғандар тарапынан ақылы қоғамдық жұмысқа орналастыруға ықпал ету туралы Панфилов аудандық пробация қызметі бөліміне бірқатар сотталғандар өтінішпен жүгінген болатын. Нәтижесінде Панфилов аудандық пробация қызметінің есебіндегі төрт сотталған тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.

ҚАЖД Алматы облысы.

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...