12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНА АЛҒЫСТЫ АНА

— «Мен Жанысбаева Ляззат 8 баланың анасы,алтын алқа иегерімін. 2019 жылы шағын кәсіпкерліктің арқасында үкіметтің қолдауымен 252500 теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант алдым. Мен оны алғандағы мақсатым уақ мал алып, соны көбейту болды. Малды алдым, басиемнің, бала-шағаның арқасында төлдетіп көбейттім.
Бір жағынан балаларды  еңбекке  баулу керек. Ұялы телефонға қарағанша, малға қараса соның пайдасы зор.
Сөйтіп ары қарай дамытудың жолын іздедім. Тәуекел жасап КМФ-шағын несие орталығынан несие алып, оған сауын биелер алдым,сөйтіп саумал мен қымыз саттым. Сұраныс жақсы айына 200000 мыңдай пайда түседі.         Мемлекеттен алған қайтарымсыз гранттың ақшасына алған уақ малымды сатып, несиемді жауып тастадым. Құдай қаласа келесі жылы да төлдетемін деген ой бар. Ендігі алға қойған мақсатым саумал мен қымызбен емделетін шағын шипажай ашу болып тұр. Тағы да бір тәуекел жасасам ол мақсатым да орындалатын сияқты. Қазіргі таңда үкімет жақсы қолдау жасап жатыр ғой, оны жүзеге асыру әр адамның өз қолында.
Халыққа шамалы болса да пайдамды тигізсек деймін. Тәуекелге барып тіршілік жасамасаң ешқандай жетістікке жетпейсің. Тек ерінбей еңбек ету керек. Бір жарым жылда жолдасым да зейнетке шығады, соған дейін малды көбейтіп ары қарай тіршілік жасауға дайындап қойсам деген ой ғой менікі. Қарап отырмай үкімет қолдау жасап жатқанда пайдалану керек. Осының бәрі сол үкіметтің қолдауының арқасында жасалып жатқан тіршілік. Ештеңеден қиналып жатқан жоқпыз ет,сүт,май,құрт, бәрі өзімізден. Тек ары қарай дамыту керек. Бәрі өз қолымызда. Қымызды литрі 800 теңгеден, Саумал 700 теңгеден » —  деп өз сөзін аяқтаған көпбалалы ана, кәсіпкер Ляззат апайымыз үкіметке зор алғысын білдірді.

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.