12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚЫЗҒАНЫШ ҚҰРБАНЫ

Мужчина, как бы скверно не поступил
он с женщиной никогда не верит, что ее
любовь окончательно потеряна для него.
Артур Конан Дойл

Шар еткен сағат дауысынан оянған ол мамық жастықтан басын жұлып алды. Жатқан орнынан жеңіл тұрған Айжан лыпасыз сұлу мүсініне жұқалтаң халатын қымтана жүріп, ас үйге беттеген. Ерте тұрып, шай қамдаумен жүрген ол ұйқыдағы Нұрланның жүзіне ынтызарлықпен ұзақ қарады. Маңдайына басын тақап емірене иіскеген. Күйеуі «ұйқы берші» дегендей әрі аунап түскен. «Жұмысқа бармаушы ма едің?» деп наздана оятқан әйеліне бажырая бір қарап, сүйретіле орнынан тұрды.Ертелеп кетіп, кештетіп оралуы күнделікті дағдыға айналғалы қашан?!
Бір бірінен аумайтын әр тәуліктің соңы күйеуін тағатсыздана күтумен ұласады. Бүгінде мазасыз қаланың таңғы қарбаласқа толы ырғағына елтіп отырып, азанғы шайларын үнсіз сімірген.
– Мені күтпей жата бер! Із кесуде боламыз. Жедел шараларға тартылдым,
– деді күйеуі киініп жатып.
– Әйтеуір аман оралсаң болғаны!..
Сенсіз солардың шарасы бітетін күні бар ма өзі? – деген Айжан жымиған да қойған. Іштей оның он айдан бергі дағдылы сөзіне иланса да, қиналғанын жасыруға тырысты. Жол жиегіндегі әріптесінің көлігіне асығыс мінген Нұрлан болса көз ұшында ғайып болды. Айжан ішкі әлемін жаулаған мазасыздық тұтқынына қайта түскен. Ол бүгін де кеш келеді. Ертең де. Арғы күндері… Құдай-ай, бірге алаңсыз демалысымыз қашан болады?.

Өткен жолы Нұрланның жұмысына барғанында оның бастығы мазақ еткендей кеңкілдей күліп, «Сіздің ғана күйеуіңіз кешікпейді. Полицияның бәрі сол» деп еді. Содан соң оның жұмысына
бас сұғуға арланған. Ендігәрі полиция кеңсесіне бармауға өзі-өзіне уәде еткен.
* * *
Капитан сықырлауық ағаш орындықтан жайлап тұрып терезеге тақау барған. Шылым тұтатып, құшырлана сорды. «Ақылыма сыймайды.Мүмкін аға лейтенанттың өлімі кездейсоқ біреудің қолынан болса ше?! Тіпті солай делік. Солай болған күннің өзінде ол табылған жерде қан дақтары қалуы тиіс еді. Мәйітті әлдекімдер сол маңайға әлдеқайдан әкеліп тастады деу, логикаға жақындау. Бұл версия! Марқұм жанталаса қашса да, ол еңсерген аралықтада қан ізі тамбауы мүмкін емес. Айғақ боларлық бірде-бір зат қолға ілікпеді. Кабинетіндегі тозған үстел үстінде «мүлгіп» жатқан жұмыс телефоны аяқ асты шарылдап әкетті.
– Серікбаев, келіп кетші! – деген бастығының дауысын жазбай таныды. Дереу қылмыстық іс материалдарын көтеріп есікке беттеді.
– Қандай тың нәтижелер бар? – деп полковник түксиген қабағымен қарсы алды.
– Әзірге бәлендей ештеңе қолға іліккен жоқ, полковник мырза! Мәйіт табылған жерді көп адам шиырлаған. Ізді анықтау мүмкін болмады. Иісшіл иттер ізден жаңылып қалды, – деп іс қағаздарын ұсына берген.
– Енді не істе дейсің? Мен іздейін бе? Сөйлес, куәлер ізде. Сол маңайдағы дүкендер мен кафелерді тексер. Бейнекамера болса талдау жаса. Туыстарына хабарладыңдар ма?.
– Марқұмның ұжымы сол күні таңертеңгілік естіртіпті.
– Келіншегі қалай қабылдады?
– Жұбайына жедел жәрдем шақыртуға тура келген көрінеді. Аздап есінен
танған. Қиын. Уыздай жас келіншек. Жаңа шаңырақ көтерген. Капитан көз астымен ойланып қалған полковникке қараған. – Өзі полиция қызметкері болса, көшеде көлденең көк атты еркінсіп пышақтап кете берсе, бәріміз үйде отырайық онда дірілдеп. Ашулана бастаған бастығына қайрат бергендей Серікбаев:
– Қапа болмаңыз, полковник мырза! Істі қысқа мерзімде аяқтауға бар күшімді жұмсаймын. Кетуге рұқсат етіңіз! – деп орнынан көтерілді.
– Бар капитан! Қалғуды қойыңдар!
Бұл соңғы ескертуім! – деп, тергеу бастығы бұған қарата сұқ саусағын
шошайтты.
* * *
Кеш қарая үйіне оралған ол ассуына енді бас қоя бергенде «бөлімге жет!» деген шұғыл хабарлама түсті. Ол дереу аттанған. Бұл келгенде «угро» (қылмысты іздестіру қызметі А.Ж.) жігіттері кісі өліміне қатысы болуы «бек мүмкін» деген өзбек «гастербайтерін» ұстап алыпты. Азар-безер болғанымен шамалыдан соң жуасыған «қонақ»: Мен оның полицей екенін білмедім. Ақша аса қажет болды. Түнделетіп ізіне түсіп тонауды ойладым. Пышақ сұғып алған соң керегімді алып безіп отырдым, – деп қарап отыр. Жөпелдеме сұрақтың астына алған капитан Серікбаев оның жауаптарының күмәнді
тұстарына терең мән берген. Оқиға қай маңда болды?, – дегеніне күдікті «спирт зауыты тұсында» деп мүлдем басқа жақты нұсқады. Расымен сол күні өзге ауданда қатарынан екі кісі өлімі орын
алыпты. Аудандары басқа. Тіпті нақақ кісі өлтірді десең де «гастарбайтер» жауабы мұның болжамына мүлдем қарама-қайшы келіп отыр. Түн жарымына дейін тиянақты жауап ала алмаған
Серікбаев үйіне сүлесоқ күйде көңілсіз оралған. Түні бойы аунақшып, тыныға алмады. Таң сібірлеп ата бастағанда көз шырымын алғандай болған. Азанғы ас-суын жылдам ішіп, бөлімге асықты.
Бастығымен бірге кезекті жоспар мен тапсырмаларды пысықтап алған соң, марқұм болған полицейдің жұбайынан жауап алу үшін үйіне беттеді. Ұзақ күттірмей есікті өзі ашқан Айжан көңілсіз бас шұлғып амандасты. Жалғызілікті әйелдің қара жамылып шаңырағында аза тұтуы қалыпты жәйт болса да, тергеуші Серікбаевқа тосын көрінген.
– Нұрлан кеткелі жұмысқа да зауқым жоқ. Мазам кетті. Қасымда сіңілім болмағанда жынданып кетер ме едім, – деп мұңайды келіншек.
– Жолдасыңыздың жиі кешігуі қалыпты жағдай, дегенмен оның іс-әрекетінен күмәнді ештеңе байқамадыңыз ба? Айтыңызшы, ол спиртті шімдікке әуес пе еді? – деген тергеуші сауалына көзі жасаурап отырған әйел бірден жауап қатпады. Бір қауым үнсіздіктен соң ол:
– Иә, кейінгі кездері жиі ішімдік ішіп келетінді шығарды. Тіпті дөрекі бола бастады. Кейінгі қылығы күмәнімді қоюлата түскені рас, – деп көзін терезеге қарай бұрып әкетті де, – Соңғы күні мен
үйде болмай, Бірліктегі төркініме кеткен болатынмын. Ертеңгілік суық хабар жетті – деп солқылдап жылап жіберді. Жас келіншектің көңіліне қаяу түсіріп алмадым ба деген тергеуші сәл сасқалақтап қалды. Орнынан жайлап тұрып пәтер ішін қарап шығуды өтінді. Тірлігінде араласқан достары мен таныстары туралы сұрап көрген. Жатын бөлмеге өткен тергеушінің көзі ғашықтардың бақытты шақтарының естелігі болып қалған суретке еріксіз түсе берді. Алғаусыз күндерінің куәсіндей болған жас жұбайлардың құшақтаса түскен фотосуреті неге екені бір сырды жасырып тұрғандай көрінген. Бір қарағанда суретте тұрған ештеңе жоқ. Қос ғашықтың риясыз күлкілері мен қаперсіз сәтін паш еткен фотосурет төтеннен келген топалаң қырсықтың боларынан бейхабар кездерінен хабар бергендей. Әлдебір нәрсеге күдігі ұлғайған тергеушінің жанары суреттегі «бақытты жандардың» ар жағында ілулі тұрған бағалы парсы кілемінен ажырай алмай қалды. Мына кілем полицейдің мүрдесі
оралған кілемге қатты ұқсайды екен.
– Айжан, мұнда келіңізші. Мына суретке қай уақытта түсіп едіңіздер? Құпия болмаса қай жерде?
– Шамамен бес-алты ай бұрын. Руслан түсірген сурет еді. Досы болатын.
– Қай жерде? – деп қайталап сұрады Серікбаев.
– Осы біздің жатын бөлмеде, – деп жауап қатты Айжан қаперсіз күйде. Бірақ жатын бөлменің қабырғасында суреттегі қалы кілем орнында болмай шықты.
– Бұрынғы кілеміңізді неге алып тастадыңыз? Қазір қайда? Төтесінен қойылған сұраққа жас келіншек табанда ілкімді жауап таба алмай, мүдіріп қалды. Сәл үнсіздіктен соң:
– Екі ай бұрын жақын туысыма беріп
жібердім. Әйтпесе жаңа кілем алуымыз екіталай еді,– деп бөлмеден шығуға беттеді. – Шәй қояйын. Қара басып бағанадан бері есіме де алмаппын ғой.
– Қажеті жоқ, әуре болмаңыз. Шайды басқа күні ішерміз.Қиындық туғызбаса, ертең осы кілемді барып көрсете аласыз ба?
Мазасызданып тұрғанын аңғартып алған Айжан:
– Мүмкін, арғы күні барармыз. Ертең міндетті түрде жұмысыма соғуым қажет еді, – деп қипақтап қалды.
– Жақсы, солай-ақ болсын. Ләм деместен ас үйге беттеген келіншектің соңынан ерген тергеуші:
– Жарайды Айжан Мұратқызы, жолыққанша, – деп екіұдайы күйде сыртқа
бет алды.
* * *
Сол күні тергеу барысындағы жедел-іс шараға жетекшілікті өзі қолға алды. Күдік ұялатқан Айжанның үй телефоны байланысына тыңдауыш құрылғы орнатылып, жақын маңайға із кесушілер аттандырылды. Түн жарымына таман Айжан әлдебір әйелмен телефон арқылы қысқа ғана сөйлесті. Аздаған тілдесуде маңызды ештеңе айтыла қоймады. Тек келесі күні ертемен Айжан жаңа кілем сатып әкелуге қан базарға шұғыл баратынын ғана айтып үлгерді. Түні бойы нысаннан көз жазып қалмауды қатты қадағалаған тергеуші Серікбаевқа атар таң сібірлеп сылбыр атқандай, мазасызданып, берекесі қашты. Таң алакеуімнен екі жас келіншек үй подьезінен асығыс шығып, дереу орталық көшеге өтіп, такси тоқтата бастады. Бақылауға мықтап іліккен екеудің соңынан ілбіп еріп отырған
жедел топ көлігі олардың ізін ала қан базардың қақпасына келіп бір-ақ тұмсық тіреді. Кілем сататын сауда нүктелерін жағалай жүрген екеу көп ұзамай бағалы кілемдер қатарына кідірді. Олар көп саудаласпады. Тыңшылардың назарынан тыс қалмаған Айжан дәл Серікбаевтың күдігіне іліккен кілемді сатып алып жатты. Қолға түсіруге асықпауларын ескерткен Серікбаев қандай мекенжайға бет
алғандарын соңына дейін бақылауды тапсырды. Із кесушілер ілесе отырып, қала сыртындағы Бірлік ауылынан бірақ шықты. Екі келіншек биік дуалды үй жанына аялдап, қолдарындағы жаңа
кілемді ылдым-жылдым сол үйге түсіріп, көп ұзамай қайта шықты. Енді кешігудің реті жоқтығын бағамдаған Серікбаев дереу тұтқындауға бұйрық берді. Бөтен адамдардың тұтқиылдан тап бергенінен
шошынған әйелдер бар дауысымен айғайлай бастады. Үйден атып шыққан ірі денелі ер адам жағаласа бастағанымен, тасадағы полицияның қосымша қызметкерлері оның жолын кесіп үлгерді. Кезекші жедел тергеу тобы келіп жеткенде, үй иелеріне қолдау көрсетпекші болған көршілердің де қарасы молайып қалған болатын.
– Айжан Мұратқызы, сіз ана кілемді не үшін сатып алдыңыз? – деген тергеушіге жауап беруден жалтарған келіншек:– Ешбір жауабым жоқ! – деп безеріп жақ ашпады.
– Бұрынғы кілемді көрсетіңіз! – деген сауалға сазарып отырған Айжан:
– Өртеніп кеткен, – деп міз бақпады.
– Телефон арқылы сізбен байланысқан әйелдің үйіне баруға қалайсыз?
– деген тергеушіге жалт қараған келіншектің өңі әп-сәтте құп-қу болып кетті. Олар мінген кезекші бөлім көлігі қала орталығындағы бес қабатты үйдің алдына келіп тоқтағанда қас қарая бастаған
болатын. Көп ұзамай аталған үйден сүйретіле шыққан жасы 40-50-лердегі балгер әйел қызметтік көлікке мініп жатты.
ШЕГІНІС
Айжан есіне сап ете түскен әртүрлі жарнамалары бар газет бумаларына қол созды. Түнімен ұйқы көрмей, мазасы қашқан ол көз алдында бұлдыраған әріптер тізбесінен:
«Өміріңді өзгертуге құштарсың ба?
Онда маған хабарлас. Қол ұшын созам» деген мәтінге ұзақ шүйлікті. Сана түкпірінде түртпектеген түрлі ой ақыры телефон тұтқасына қол создырған. Қала орталығындағы бес қабатты үй подьезіне келіп пәтер санын теріп, қоңырауын басқан. Мұны есік алдында елуге иек арта бастаған карташы – балгер әйел күтіп алды:
– Бейшара қыз-ау, көзіңнен нұр тая бастапты. Қатты жүдепсің. Еркек біткеннің бәрі қатігез-ғой, – деп қара түсі қанық карталарын мұның алдына шашып жіберген.
Сәл үнсіздіктен соң сұмдық бір суреттерді көз алдына елестеткен балгер:
– Басыңды босат! Бекерге өліп кетесің сорлы! Оның өзге қатыны бар. Баласы болады.Таро солай дейді, – деп басын қос қолдап қыса ұстаған. Бұрын да ауыр ойлар жанын жегідей жеп жүрген жас келіншекке мына тосын
хабар алапат құйын дауылдай әсер етіп, есінен тандырған. Бетіне су бүркіп есін жиғызды. «Алтын да, ақша да сені құтқармайды, тек басыңды арашала», – деген балгер әйел Айжанның қойын-қонышына суық қолын сумаңдатып, барын үптеп үлгерген еді. Көптен бері көлденең табыссыз көңілі жабырқап жүрген «карташы» миығынан күліп, Айжанды көз ұшында ұзатып салды. Өзінің қым-қуыт ойлары ырық берместен үйіне оралған Айжанның құлағынан балгер әйелдің «Оның баласы бар» деген сөзі кетпей қойды. Өткен жолы дәрігердің «жуықта сәбилі боласыңдар дей алмаймын. Екеуіңе де жиі бақылауда болып, ем қабылдау керек» деген сөздері миына шаншудай қадала берген. Келесі тәулікті ұйқысыз атырған ол екінші мәрте балгерге қоңырау шалған. Айжан күйеуінің кешігуі үдеп бара
жатқанын айтып көмек сұрады. Мыстан балгер «күйеуіңді қайтаруға күш салып көрейін» – деп қарлыққан дауысымен тағы бір сұмдықтың шетін шығарған. Айжанның бар ақшасы мен бағалы бұйымын сыпырып алған соң, түн жамылып «қара магия» торлаған пәтеріне асығып бара жатты. Жаңа көтерілген шаңырағының уықтары сықырлап, шаңырағы шайқала бастағанын бағамдай алмаған Айжанды қызғаныш қылбұрауы қылқындыра берді. Жанын қоярға жер таппай аласұрған жас келіншек кезекті бір күні Нұрланға бір тілім хат қалдырып, «туысыма кеттім» деген желеумен балгердің үйіне келген.
Айжан шырғалаңға шын батты. Шынымен ойын он саққа бөлген сұмдық жайтті жүзеге асырудан басқа жол таппаған. Қарбаласқа толы қиын жұмыстан түн жарымында оралған Нұрланның енді оянбасы анық еді. Таро балгерінің үйінен келген Айжан пәтерді өз кілтімен ашып, ұйқыдағы күйеуінің жанына келіп ұзақ қарап тұрды. «Мен сені сүйем, жаным! Сені өзге біреуге бере алмаймын!». Қолына іліккен қара қайшы мата тілгенде ойнақшып тұратын. Енді оны шүберекке емес, сүйіктісінің жүрегіне бойлатуға ойы кетті. Нұрлан қайта оянбасын білгендей шалқасынан сұлық жатты. «Оның баласы бар. Сенен жасырады. Көзіңді құртады сенің». Әр тараптан жамырасқан түрлі дауыстар жаңғырығып тұрып алды. Ол құлағын бітеп, басы ауған жаққа безгісі келген. Сақ-сақ күлген әлдебір елестер айнала
билеп, Айжанның болмысын, ырқын жаулап барады. Алайда оңайлықпен орнынан қозғала алмады. Сол сезім, осы өксік көз жанарына іркілген жас орнын қанталаған қанға толтырып жіберді. Екі қарыс қара қайшы жарының кеуде тұсына «кірш» қадалғанда селк етіп, есін жинап алғандай болған. «Аһ!» деп тұра ұмтылған Нұрланды ғана көрді. Кері шегіне қашқан ол ас үйдің есігін жауып алды. Сәлден соң Нұрланның қорылы басылған сәтте есіктен үрке қарап, бойын билеген дірілді игере алмай, жатын бөлмеге қайта беттеген. Ол болса босағаға жетпей етпетінен сұлық жатты. Сасқалақтап жүріп балгер әйелге қоңырау шалды. «Ешкімге есік ашпа! Қазір жетем!» – деген балгер әйел желге мініп жеткендей, он бес минуттан соң Айжанның қасында тұрды. Екеулеп жүріп еденнің қанын жуып, төр кілемді шешіп алып, мәйітті орап тастады. Болар іс болды.
* * *
Қаніпезер әйелдердің жүзін көргісі келгендер сот залына ертемен лықа толып кетті. Тергеушінің өндіріске жіберген материалымен мұқият танысқан айыптаушының :
– Айжан Мұратқызы, өз іс-әрекетіңізді толығымен мойындайсыз ба? – деген сауалына :
– Иә, мойындаймын – деген ол төменнен көзін айырмады. Түнерген жұрт оларды ақтаудың еш негізі жоғын іштей ұғынып, үкімді күткен.
* * *
Тікенді тормен қоршалған дуалдар ортасында қимылсыз тұрған жас келіншек өміріне өкпелі. Қатал тағдыр үкіміне іштей мойынсұнғанымен, онбай опық жеген оның жан дүниесін ешкім түсіне алмаған еді.
Арман ЖУСАНБАЙ,
журналист,
Ішкі істер органының
отставкадағы подполковнигі

[ratings]

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...