12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Онлайн процесте де медиацияны жүргізу мүмкіндігі мол

Елімізде медиация институтын дамытуға Мемлекет басшысы биылғы жолдауында баса мән беріп, оның қолданыс аясын кеңейтуге мемлекеттік органдардың жаппай атсалысуын тапсырды. Судьялардың VIII съезінде де бітімгершілік институтының болашағы назардан тыс қалған жоқ. Соңғы жылдары сот саласында жасалып жатқан жаңашылдықтар көптеген мәселелердің оң шешілуіне түрткі болды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асанов ұсынған жеті басым бағыт аясында «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы тәжірибеге енгені және оның нәтижелі жүзеге асып жатқаны баршаға мәлім. Мысалы, «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-сот», «Сапалы нәтиже», «Оңтайлы орта», «Сотсыз татуласу орталығы» бұлардың қай-қайсысы болсын сала жұмысының одан әрі жандануына ықпал етуде. ҚР Жоғарғы Соты жетінші бағыт шеңберінде жекелеген санаттар бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу мақсатында пилоттық жобалар бекітті. Солардың бірі «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы. Аталған жоба бүгінде өз тиімділігін көрсетіп, дауларды соттан тыс реттеу мүмкіндігін арттырды.

ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен ел соттарында медиация кабинеттері, фронт-офистер ашылып, ХҚКО-да, Қазақстан халқы Ассамблеясында, еліміздің барлық аумағында татуластыру орталықтары іске кірісті. Аталған орталықтарда медиаторлар, адвокаттар мен заңгерлер, психологтар, т.б. мамандар азаматтарға өзара келісімге келудің тиімді жолдарын көрсетуде.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талабына сай, даулардың соттан тыс шешілуін қамтамасыз ету үшін тараптарға татуласудың артықшылықтары түсіндіріледі. Олар келіссе, татуласу талап қою арызы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Татуласу рәсімдерін жүргізу нәтижелері туралы сот ұйғарымында талап қою арызын қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту себебі көрсетіледі. Судья тараптарды татуластыруда қажетті шаралардың барлығын қабылдап, процестің кез келген сатысында жәрдемдеседі.

Дауларды медиация немесе партисипативтік рәсімдер, сондай-ақ, жоғарыда аталған Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттеуге болады. Дауды татуласу рәсімдерін қолдана отырып реттеу туралы өтінішхат заңдарда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізу барысында мәлімделеді. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатыларда сот шешім шығаруға кеткенге дейін және сот актісінің орындалуы уақытында да жасалуы мүмкін.

Істі келісіммен бтірудің артықшылығын түсінбей, шешім шығаруды талап ететін немесе істің тез арада қаралуын қаламай, түрлі өтінішхатпен созбалаңға салатындар да баршылық. Азаматтар білуге тиіс басты жайт, татуласу келісімі ерікті түрде орындалады. Олай етпеген жағдайда татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша соттың атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады. Дауларды медиация тәртібімен реттеу туралы сот бекіткен келісімді орындау АПК-нің 178-бабына сай жүргізіледі. Осы Кодекстің 179-бабына орай, сот шешім қабылдауға шығып кеткенге дейін тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхат бере алады. Партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңының талаптарымен тараптар арасында адвокаттардың немесе заң консультанттары палатасы өкілдерінің келіссөздері арқылы өткізіледі.

Пандемиялық жағдайға байланысты сот процестерінің 95 пайызы қашықтықтан өткізілуде. Бұл жағдай өз кезегінде сотта қашықтықтан татуластыру рәсімдерін жүргізу мүмкіндігін де дәлелдеді. Сөзге тоқтау біздің қоғамның басты құндылықтарының бірі десек, «Ырыстың шашылмауы ымырашылдықтан екені» халқымыздың қаперінен шықпаса екен.

Мұхит Мұқашев,

Ақтау қалалық №2 сотының судьясы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...