12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ОЙ МЕН ИДЕЯ – АДАМНЫҢ ЖЕКЕМЕНШІГІ

Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесінде де өзге салалардағыдай түйткіл көп. Ол тек қана шығармашылық қызметіндегі тұлғаларды алаңдатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың және өнертапқыштардың құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік органдардың мәселесі болып отыр. Өйткені, осы бағытқа арналған мемлекеттік органдардың жұмысы жалпы, республиканың халықаралық шарттарына қосылуына және халықаралық ұйымдарға, қауымдастықтарға және зияткерлік меншікті қорғау одақтарына кіруі қажет.

Әрбір автор өз құқығы бұзылған жағдайда сотқа немесе Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік департаментіне, аумақтық органдарына немесе арнайы құрылған мүліктік құқықты реттейтін және қорғайтын қоғамдық ұйымдарға арыздана алады. Жалпы, әлем елдерінде зияткерлік меншікті қорғау мәселесі жіті қадағаланады. Өйткені, бұл елдерде азаматтардың ойы, идеясы табыс көзі ретінде жоғары бағаланады. Оны ұрлауға, рұқсатсыз пайдалануға жол берілмейді. Содан болар, шетелдерде кітабын жазып, жаңалығын ашып, шығармасын ұсынған жандар, қаржыдан да таршылық көрмейді, сый-құрметтен де кенде қалмайды. Ал, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзгенің идеясын ұрлау, жаңалығын көшіру деректерінің көп кездескені белгілі. Сондықтан, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын коммерциялық негізде пайдаланатын тұлғалардың құқықтық сана деңгейін көтеру – басты мақсаттардың бірі ретінде қала береді. Жалпы, пәрменді заңның қабылданып, арнайы құрылымдардың жұмыс істеуі зияткерлік меншікті қорғау тетіктерін нығайтып, көшірменің санын азайтқанын айта кеткен жөн. Соның ішінде тауар таңбасына тоқталып өтуге болады. Бүгінгі таңда фармакология, тоқыма, азық-түлік және тағы басқа қызмет көрсету саласында бірқатар кіші және орта бизнес кәсіпорындары ашылды. Олар шығаратын өнім біздің және шет ел мемлекет тұтынушыларының арасында сенімге ие болды.
Олардың өнімдері басқа өнім шығарушылар өнімдерінен, оларды дайындау, құрамы, шығару технологияларынан басқа қандай айырмашылықтары бар – бұл олардың тауарларының атауы, яғни «Тауарлық таңба».Тауарлық таңба – ол заңды және жеке тұлғалар орындаған жұмыстарының немесе көрсеткен қызметтерінің тауарларын, ұқсас басқа тауарлар арасында жекешелендіруге арналған белгі болып есептеледі. Тауарлық таңба заңмен қорғалады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 158-бабына сәйкес, «бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ, бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе біртектес тауарларға не көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркілене отырып, заң талаптарында белгіленген мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады». Осы бапта көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәркілеу – тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атауының, оның қаптамасының, бланкілерінің жасалған бейнесін немесе басқа да заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жер атауының құжаттамасын, сондай-ақ онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені жою мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Тәркіленген тауарлар, оларды құқық иеленушіге оның өтінуі бойынша беретін жағдайларды қоспағанда, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде көзделген тәртіппен жойылуға жатады. Біз Қарасай ауданаралық әділет басқармасының мамандары ауыл-ауылды аралап ашық есік күндерін өткізіп, халықты барынша ақпараттандыруға тырысамыз.
Д.КОЖАШОВ,
Қарасай ауданаралық әділет басқармасының жетекші маманы,
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.