12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанның алтын валюта қоры түгесілуге жақын

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері қыркүйек айында 33,8 миллиард долларға дейін төмендеген.

Халықаралық қорымыз қысқарып, алтын валюта қоры азайып барады Қазақстанның халықаралық резерві бір айдың ішінде күрт қысқарған. Алтын валюта қоры да азайып барады. Оған асыл метал бағасының арзандауы, банктер қаржысы қысқаруы әсер еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Алдын ала деректер бойынша Қазақстанның халықаралық резервтері өткен айда 3,1%-ке қысқарып, 91,1 миллиард долларды құрады. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, қыркүйек айында негізінен алтын бағасының 4%-ке төмендеуі есебінен, сондай-ақ Ұлттық банкте орналастырылған банктер қаражатының қысқаруынан 33,8 миллиард долларға дейін төмендеді», — дейді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың мәліметінше, Ұлттық қордың активтері де кеміген. Ол бүгінде 57 миллиард 330 миллион доллар. Көрсеткіш бір айда 1 миллиард 360 миллион долларға азайған. Осылайша Ұлттық қордың кірістері мен республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті бөлген ақша арасында айтарлықтай айырмашылық байқалады. Коронавирус індетінің екінші толқынынан қаржы нарықтарындағы кейбір көрсеткіштер төмендеп кеткен. Ұлттық банк төрағасы бұған инвесторлардың қорқынышы тікелей ықпал етті деп отыр. Ал қыркүйекте инвестициялық кіріс жыл басынан бері 1 жарым миллиард долларға жуықтады.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...