12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КЕЗЕКТІ РЕВОЛЮЦИЯ ҚЫРҒЫЗ ХАЛҚЫН ОРТАҚ ИДЕЯҒА БІРІКТІРЕ МЕ?

Қырғызстан әлем назарын өзіне аударды. Оған себеп Парламент сайлауынан кейін басталған дүрбелең мен бұған дейін болған екі революциядан сабақ алмаған билік өкілдері. Ал аталған оқиғаға байланысты қазақстандық сарапшылар не дейді?

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
– Бұл – саясат пен тарих араласқан ұзақ әңгіме. Кезінде, кең толқуларға негіз болған, серпін берген Парламенттік сайлаудың нәтижесі. Шын мәнісінде билік оны әділ өткізе алмады. Түрлі заңбұзушылықтар орын алды. Соған наразылық білдірген оппозиция өкілдері өзінің жақтастарын алаңға алып шықты. Бұл жерде биліктің жауапсыздығы ғана емес, оппозицияның жауапсыздығын да көріп отырмыз. Нәтижесінде Қырғызстанда осымен үшінші рет революция, яғни төңкеріс орын алып отыр. 15 жылдан астам уақыт жалғасып келе жатқан бұл жағдайды демократия деп атауға келмейді. Демократия бұл төңкеріс жасау, билікті аударып тастау ғана емес. Ол – жауапкершілік, бүкіл қоғамның, ұлттың ұйысып келіп ортақ ойын ережелеріне бағынуы. Бұл демократиядан гөрі охлократияға келеді. Яғни, тобырдың билігі. Өкінішке орай, зайырлы, ұстамды саясаткерлердің сөзіне тоқтайтын қоғам болып табылмайды.

– Бұл жерде бір ортақ мүддеге, ортақ мақсатқа жұмылған халық бар деп айта алмаймын. Жік-жікке бөлінген, әрбір топтың өз көшбасшысы бар. Оңтүстігі мен солтүстігі бір-бірімен қырғиқабақ. Одан бөлек елде 250-ге жуық саяси партия бар, оның 12-сі кешегі саяси додаға қатысып, 4-еуі сайлауда жеңіске жетті, қалғандарының өкілдері, басшылары кешегі сайлау нәтижесін жоққа шыға- руды талап етіп, орталық алаңға шықты. Бірақ олардың өздері тасада қалып қойды. Өйткені, ортақ идея жоқ. Қырғызстан елімізге көрші, бауырлас жатқан мемлекет. Экономикалық байланыстарымыз да бар. Сондықтан Қазақстанға әсері болады деп ойлаймын. Меніңше, қырғыздардың жағдайынан сабақ алуымыз керек. Одан бөлек, революция болғанымен, оның ертеңгі күні әділ қоғам орнай қояды деген ой өзін ақтамайтынын көріп отырмыз. Оған мысал, кешегі Грузия мен бүгінгі Украина жағдайы. Ал қазіргі уақытта Қырғызстанда тұрақсыздық болып жатқаны, қаншама адамның жараланып, тіпті бір адамның қайтыс болуы, әрине өкінішті. Ендігі уақытта жағдайдың бейбіт жолмен шешіліп, оңалуын күтеміз.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, саясаттанушы:
– Бірнеше күннен бері Қырғызстанда саяси дағдарыс болып жатыр. Парламенттік сайлаудан кейін бірқатар партия өкілдері сайлау нәтижесіне сенбей, алаңға шығып, арты қарсылыққа ұласты. Наразы халық билік органдарын күшпен басып алды. Абақтыдан бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев пен ел премьері болған Сапар Ысқақовты босатты. Қысқасы, төңкеріс бұрқ етті. Саяси дағдарыстың қаншалықты ұзақ уақытқа созылатыны белгісіз. Себебі Бішкек – наразы халықтың қолында, ал президент Сооронбай Жээнбеков оңтүстікте. Бір елде бірнеше саяси күш билікке таласып жатыр. Екі күннің ішінде бір Бішкектің өзінде үш әкім ауысты. Екі азамат өзін премьер-министрлікке ұсынып отыр. Яғни, биліктегі орынға деген саяси топтардың таласы қатты. Оған президент Сооронбай Жээнбековтің жақтастарын қосыңыз. Сондықтан оқиға жылдам әрі біз күтпеген сарында өзгеріп кетуі әбден мүмкін.

– Жалпы Қырғызстан Орталық Азияда саяси белсенділігі ең жоғары ел саналады. Бұған дейін де бірнеше рет төңкеріс жасады. Соған қарамастан елдің жағдайы жақсарып кетті деп айту қиын.
Бұған дейін болған үш бірдей төңкерісте Қырғызстанда «жемқорлықты жою» ұраны айтылды. Яғни, елді құртқан жемқорлық дейді. Өте дұрыс! Бірақ сол револю- циялардан кейін жемқорлық азайып кетті ма? Мысалы, Грузия 2003 жылы әлемде коррупция бойынша 123-орынды иемденді. Жемқорлыққа батқан сорлы ел еді. Ал 2019 жылы коррупция бойынша 44-орын алды. Міне, төңкеріс шынайы нәтиже берген ел. Михаил Саакашвили 2003 жылы шынайы идеямен келіп, төңкеріс жасады. Яғни, билікті ауыстырған соң не істейтінін, әр қадамын анық білген деп айтар едім 2003 жылы төңкеріске дейін Қырғызстан коррупция бойынша әлемде 118-орында тұрды. 2005 жылы Асқар Ақаевты аттан құлатқан сәтте Қырғызстан әлемде коррупция бойынша 130-орында болды. 2010 жылы Құрманбек Бакиевтің бағы тайып, келесі төңкеріс болғанда Қырғызстан коррупция бойынша әлемде шамамен 130-145 орында тұрған болар. 2020 жылы 126-орында. Яғни олар жемқорлықты жоймақ түгілі, төңкеріске дейінгі көрсеткішке жеткен жоқ. «Жемқорлықты жою» ұраны халықты алаңға шығарудың бір жолы ғана болды. Грузиядағыдай нәтиже болмады. Қырғыз халқы рухты, намысты. Бірақ нақты лидер, тура бағдарлама жоқ сияқты. Сол себепті де нәтиже аз.

Сауалнаманы дайындаған Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...