12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жалпы мәселелері

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция), халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына негізделетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен (бұдан әрі – ӘҚБтК) тұрады, әкімшілік жауаптылықтың шарттары мен негіздерін, әкімшілік жазалардың түрлерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібін, оның ішінде осы істердің ведомстволығы мен соттылығын анықтайды.

Соттар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен өзге де міндеттемелері Конституцияның 4-бабының 1-тармағына сәйкес оның қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылатынын негізге алуға тиіс. Істі қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының нормаларын, егер халықаралық шартпен өзге қағидалар белгіленсе, Қазақстан Республикасы үшін оның міндеттілігін келісу туралы шешім ратификациялау немесе қосылу арқылы қабылданған болса, қолдануға құқылы емес. Мұндай жағдайларда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.\ Елдің егемендігі, Конституциямен белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысандарын өзгертуге жол берілмейтіні туралы Конституцияның ережелерін бұзатын, сондай-ақ адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіретін халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдері Қазақстан үшін міндетті деп танылуы мүмкін емес («Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормаларын халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының шешімдерін орындау тәртібіне қатысты қолданыста ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 6 нормативтік қаулысының 4-тармағы).

Әкімшілік құқық бұзушылықтан адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қорғауды және ӘҚБтК-нің 6-бабының бірінші бөлігінде санамаланған басқа да міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жасаудың алдын алу үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын белгілейді, оларды бұзу сипаты мен маңыздылығына қарай iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады. ӘҚБтК-нің процестік ережелерінде олқылықтар болған кезде соттар сот төрелігінің қағидаттары және адам мен азаматтың құқықтары туралы конституциялық нормаларды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде ӘҚБтК-нің 10-бабында бекітілген кінәсіздік презумпциясы қағидаты бұлжытпай сақталуға тиіс.

Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндарды қоса алғанда, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiлуге және шешiлуге тиіс.

Жаза орындалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңсыз қаулының күші жойылғаннан немесе өзгертілгеннен кейін жаңа жаза тағайындау әкімшілік жауаптылыққа қайта тарту болып табылмайды.

Соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу бойынша ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету және соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) мұндай қызметі туралы ақпаратты азаматтар мен ұйымдардың алу құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасағаны жөн.

 

Тараз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының судьясы

Д.Мадемаров

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...