12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

КӘСІБІН СҮЙГЕННІҢ НЕСІБІ МОЛ

БІЛІКТІЛІК ПЕН НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ТА КӘСІПКЕ ДЕГЕН МАХАББАТПЕН КЕЛЕДІ. ОЛ СЕНІ БИІККЕ КӨТЕРЕДІ, ЕЛГЕ СЫЙЛЫ, МӘРТЕБЕЛІ ЕТЕДІ. БІЗДІҢ БҮГІНГІ КЕЙІПКЕРІМІЗ ДЕ – ОСЫНДАЙ АДАЛ ЕҢБЕК АДАМЫ. ҚИЫН МАМАНДЫҚТЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫН СОҢҒЫ КЕЗЕҢДЕРДЕГІ КАРАНТИНДІК АХУАЛ ДА АЙШЫҚТАЙ ТҮСТІ.

Жалағаш аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына кірдім. Маманның алдында отырғанымда көзім қабырғадағы ақ парақтағы жазуға түсті. Мекеме басшысы Аида Абибулаева деп аты-жөні, электрондық поштасы, WhatsApp желісіне қосылған нөмірі жазулы тұр. Тұтынушыларға шағымдары мен тілектерін жазуға арналған парақша екен. Басшымен тікелей байланысқа шығудың бұл мүмкіндігін көріп риза болдым. Ашықтық пен өз қызметіне деген адалдығы тұтынушыларға деген осы қадамынан-ақ байқалады. Арада біраз уақыт өткен соң қаладағы «Қазпошта» АҚ бөліміне кірдім. Бірнеше жерде әлгіндегідей парақша жазулы тұр екен. Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы поштаға ауысып келгенін білдім Ұстанымдары мен қызметіне деген өз қағидаларын өзгертпеген табанды жан Аида Ибрагимқызымен жақын танысқым келді. Себебі көп мекеменің басшысына тікелей хабарласпақ түгіл, алдын ала тіркелмей кіре алмаймыз. Жеке нөмірін табу журналист біздің өзімізге қиынға түсетін. Әлеуметтік желіден достық ұсындым. Қоғамдық мәселелерге өткір ой айтып, оң шешімін табуына атсалысып отырады.
Кейін Аиданы Nur Otan партиясының іс-шараларынан да жиі көретін болдым. Әлемді жаулаған COVID-19 дерті біздің елді де айналып өтпеді. Карантин уақытында көптеген мекемелер жұмысын тоқтатып, онлайн режимге көшті. Аида Ибрагимқызының басшылығымен «Қазпошта» АҚ-ның Қызылорда филиалы жедел шаралар қабылдап, почтаның барлық бөлімшелері жұмысын тоқтатпай, халыққа қызмет көрсетті. Санитарлық талаптарды күшейтіп, тұрғындар уақтылы есепшот аштырып, жәрдемақылары мен зейнетақыларын қолдарына алды. Поштаның мобильді тобы жұмыс істеп, олар қарияларға зейнетақысын үйіне жеткізіп берді. Осы сәт COVID келді деп Аида төбесін көрсетпей кетсе де болар еді. Алайда елдің мұң-мұқтажына бейжай қарай алмайтын жан бұл жолы да өзінің табандылығын байқатты. «Арақашықтық сақтаңыздар, бұл дертті де жеңеміз» деп кезек күтіп у-шу болған халықтың бел ортасында жүрді. Бүгінде Аида Ибрагимқызы партияның белсенді мүшесі ретінде праймеризге қатысуда. Партияның ішкі сайлауына бәсекеге қабілетті, халыққа сөзін өткізе алатын, атқарушы билікпен жұмыс істеп, оларға ұсыныстарын енгізуге қауқарлы, Сырдың қайсар қыздарының бірі Аида да өз бағдарламасын ұсынды. Партия хатшысы Арман Қырықбаев «Ашық алаң» бағдарламасында «Праймериз арқылы қоғамда өзінің рөлін тапқан, халықтың жағдайын түсінетін, сонымен қатар проактивті позициясы бар азаматтар басшылыққа келсе, орынды болар еді. Себебі қазіргі кезде халықпен жұмыс істей алатын депутаттар аз. Сондықтан басшылыққа заңды түсіне алатын, заң шығарушы функцияларын атқара алатын азаматтар келуі керек», – деген болатын. Аида Ибрагимқызы – заңгер.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құқықтану факультетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. Заң ғылымдарының магистрі. Әр жылдары сот орындаушы, ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының прокуроры, аға прокурор қызметтерін атқарған. Үш жылға жуық Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасының бастығы болды. Заңгер ретінде білімі де, біліктілігі де жеткілікті Аида әркез ізденіс үстінде жүреді. Жаңашылдыққа жаны құмар ол праймериз арқылы еліміздің бірнеше заңнамасын өзгерту қажет деп есептейді. Аида өз бағдарламасында «Ана мәртебесін» арнайы айқындайтын заң жобасы керектігін айтып, отбасы құндылықтары мен әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасын дайындауға, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғаудағы заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге атсалыспақ ниетте екенін айтқан. Жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруда пәрменді ықпал ететін заңдардың қабылдануына жұмыс істеп, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудағы реформаларға атсалыспақ. «Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ең ізгі әйел. Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан әйел. Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал әйел. Ұлттың ұйтқысы. Ұрпақтың анасы», – дейді Мұхтар Мағауин. Аида Ибрагимқызы – төрт перзентті дүниеге әкелген аяулы ана, асыл жар. Қызметпен отбасылық өмірді қатар алып жүрген өжет жан. Халықтың алғысына бөленіп, ақ батасымен батыл қадамдар жасап келеді. Қазақтың қыздары қашанда бір-біріне тілеулес. Алдыңғы буын әпке ретінде іскерлігі мен еңбекқорлығы бізге үлгі. Мен де Аида Ибрагимқызының әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған жобаларына жәрдемдесіп, әркез болысуға әзірмін. Мен Аида Ибрагимқызының праймеризге қатысудағы талабын қолдап, дауыс беремін. Сізді де дұрыс таңдау жасауға шақырамын.
Гүлбану МАҚАЖАН,
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.