12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ КӨБЕЮІНЕ НЕ СЕБЕП?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде, ұялы телефонының байланыс қосымшасында, ғаламтордағы сауда-саттық кезінде алданатындар көбейіп кетті. Елімізде ғаламтордағы қауіпсіздік мәселесі қамтамасыз етілмеген бе? Неге ғаламторда алаяқтар көбейіп кетті?

Серікқазы КӘКІБАЛАНОВ, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігінің бас директоры:
– Расында да, қазір ғаламторды түрлі мақсатта қолданатындар көбейіп барады. Өзінің арам ниетін жүзеге асыру үшін олар сан түрлі қитұрқы әрекеттерге баруда. Ғаламтордағы алаяқтарға алданбас үшін, ең алдымен, барлық адам сауатты болуы керек. Әдетте сенгіш, арзан дүние көрсе дереу сатып алуға дайын тұратын жандар олардың басты нысанасы. Сұраса, жеке куәлігінің нөмірін беріп, банк карточкасын суретке түсіріп жібере салатын жандар ғаламтор алаяқтарының құрығына алдымен ілінеді. Егер заңдық тұрғыдан, ғаламтор жаңалықтары тұрғысынан халық сауатты болса, алаяқтар да, басқалар да халықты басына алмас еді. Сондықтан ең алдымен бұл жерде алаяқтардың көбеюіне қарап, біз халықтың сауатының төмендігін байқаймыз. Ғаламторды өз игілігімізге пайдалануға тырысуымыз керек. Негізі ғаламтор арқылы көп жұмысты жеңілдетіп, өмір сүруімізді оңайлатуға болады. Мүмкіндігінше халқымыз ғаламтордың игілігін көруге талпынса екен. Бұл жерде құқық қорғау орындарының алаяқтарды дер кезінде жариялап, халықты дер кезінде сақтандырып отыратын жұмыстарының да маңызы зор. Қазір әлеуметтік желідегі парақша ең оңай бұзылатын дүниеге айналды. Құпиясөзді енгізер кезде екі-үш деңгейлі сақтану жолдары бар. Соған сай енгізу керек. Жақында google аккаунтыма шабуыл жасалғанын байқап қалдым. Сосын секемденіп, екі-үш деңгейлі кіру амалдарын жасап тастадым. Яғни ондай кезде тек қана құпиясөзді толтырмай басқа да мәліметтер енгізуге болады. Егер басқа біреу басқа құрылғы арқылы аккаунтыңызға кіруге әрекет жасаса, хабарлама келіп тұрады. Сол секілді сақтану амалдарын кез келген адам білсе, дұрыс болар еді.

Нұрлан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ, заңгер:
–  Ғаламтор алаяқтары көбейіп кетті. Ғаламторда жалған жарнамалар да өріп жүреді. Сондықтан мүмкіндігінше сақ болған жөн. Мәселен, әлеуметтік желідегі жарнаманың жалғандығына күмәнданбаған бір азамат көрсетілген телефонға хабарласып, жұмысқа орналаспақшы болған. Ал құжаттардың көшірмесін алып алған пысықайлар микроқаржылық ұйымдардан онлайн түрде бір емес, екі несие рәсімдеп үлгерген. Сондықтан ешқашан да ғаламторда сұрағанның қолына құжатты ұстата салуға болмайды. Виртуалды әлемді қолшоқпарына айналдырғандар жер шарының кез келген нүктесінде отырып, тұзағына түсіруі мүмкін. Өйткені ғаламтордың мүмкіндігі шексіз. Ешқашан өзіңіз жайлы ақпаратты молынан ғаламторға салмаңыз. Құжаттар мен жеке басыңыздың мәліметтері де құпия болғаны жөн.
Өйткені ақпараттық технология дамыған сайын алаяқтардың да айласы көбейген. Алаяқтықтың күніне бір түрі шығып жатқандықтан, бұл жерде құқық қорғау орындарын да кінәлай беруге болмайды. Шыны керек, олар алаяқтардың айласын зерттеп үлгере алмай жатыр. Алаяқ банктің жүйесін жақсы білетін адам болуы мүмкін. Немесе құпиясөзді оңай бұзатын IT маманы болуы мүмкін. Ал құқық қорғау қызметкері бұл саламен таныс емес. Сондықтан олар ақпараттандыру жұмыстарын көбірек жүргізіп, халықты сақтандырып отырса, жұмыстары әлдеқайда нәтижелі болар еді. Көп жағдайда алаяқтар өзгенің сеніміне кіру арқылы өзінің арам ниетін жүзеге асырады. Сондықтан жақсы танымайтын адаммен ғаламтор арқылы көп сөйлесуге болмайды. Инстаграмда онлайн сауда жақсы дамыған. Қазір сол әлеуметтік желіге кірсең, дүкенге кіріп кеткендей боласың. Сәйкесінше, сол жақта жалған жарнамалар да өріп жүр. Негізі, заңды жұмыс істейтін интернет-дүкендер тауарды қолға алған кезде ғана ақша төленетінін парақшаларында жазып қояды. Ал кез келген затты алмас бұрын, оның ақшасын төлеу дегеніміз нағыз білместік. Онлайн саудамен айналысатындардың кейбірі тауарды пошта бөлімшесінен қолға алғаннан кейін ғана төлем жасайтынын айтып сендіреді. Осылайша олар алаяқтыққа бармаймыз дейді. Бірақ пошта бөлімшесінде тауар алу үшін ақшасын алдын ала толық төлеу керек. Ал ол тауардың қандай екенін тек орамасын ашқаннан кейін біле аласыз. Кейін қорап немесе ораманың ішінде тауар жарнамадағы суреттегідей емес, мүлде басқаша болуы мүмкін. Тауар сапасына риза болмасаңыз да, егер сатушы алаяқ болса, кейін онымен байланысқа шығу мүмкін болмай қалады. Полицияға арыз жазғанмен, сатушы ұялы телефон нөмірін сөндіріп тастайды. Осы секілді қарапайым қағиданы халыққа ұғындыру керек.

Сауалнаманы дайындаған Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...