12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Коронавирус қайта асқынды: Еуропа елдері шекараларын жауып жатыр

Еуропалық Одақ коронавирустың өршіп, жұқтырған адамдар санының өсуіне байланысты шекараларын қайтадан жауып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews телеарнасына сілтеме жасап.

Еуропа елдерінде коронавирустың өршуі науырыз айында болған. Араға біраз уақыт салып, жағдай қайтадан ушықты. Кейбір мемлекеттер шекараларын жауып, шетелдіктердің келіп-кетуіне шектеу қойды.

Венгрия сейсенбіден бастап барлық шетелдік азаматтарға кіруге тыйым салды. Дания басқа штаттардан туристердің келуіне сәуірден бастап шектеу қоя бастады. Финляндия шекара бақылауын күшейтті. Шекараларын жауып жатқандардың қатарында Испания мен Франция да бар.

«Шекараларды жабу вируспен күресудің тиімді әдісі болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл азаматтардың еркін жүріп-тұруына үйреніп қалған одақ үшін үрей туғызады. Үкіметтер қайтадан өздерінің ұлттық мүдделері үшін әрекет етуде», — делінген хабарламада.

Чехияда коронавирустың үшінші күн қатарынан көбеюі рекордтық көрсеткіш болды. 3 қыркүйекте 680 жаңа инфекция анықталды, бұл наурыз айынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Данияда өткен тәулікте коронавирустың 179 жаңа жағдайы тіркелді, бұл төрт айдағы ең жоғары көрсеткіш.

Түркияда коронавирус ауруы санының рекордтық өсімі тіркелді. Өткен тәулікте елде COVID-19 бір жарым мыңнан астам адамнан табылды. Бұл ағымдағы жылдың мамыр айынан бері болған емес.

Американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, 4 қыркүйектегі жағдай бойынша әлемде коронавирусты жұқтырған 26 344 473 адам тіркелді, 869 569 адам қайтыс болды.

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.