12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысынның ХҚО-да қызмет алушыларға құрмет көрсетілуде

«Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалның ХҚО бөлім қызметкерлері «Бақытты клиент» бастамасын қолдап, қызмет алушыларға ерекше көңіл-күй сыйлауда.
ХҚО-на қызмет алуға келген жас босанған аналар, көп балалы аналар, ардагерлер, зейнеткерлер мен алғаш рет құжаттандырылған қызмет алушылардың құжаттарын қабылдап, құттықтау ретінде сыйлықтар берді.
Сонымен қатар, корпорация қызметкерлері тұрғындарға халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс істеу форматымен таныстырып, электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot2.0, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу, ХҚОна кезекті алдын ала брондау жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.
«Елімізде орын алған төтенше жағдайдан кейін тұрғындарымыздың көңілін көтеру мақсатында жасалып отырған іс-шараға қызмет алушылармен қатар өзімізде қуанып қалдық. Бұл жерде сыйлықтың көлемі немесе бағасы маңызды емес, бастысы шын көңілден болуы. Әрдайым бір – бірімізге қуаныш сыйлай білейік. Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың барлық аудандарын қамту жоспарлануда»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Ержан Жеңісбеков.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау үшін ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді (106 мемлекеттік қызмет) ғана ұсынады. ХҚО-ға кезекті еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады. Түркістан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды.

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...