12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысының активі Жолдаудың міндеттерін орындау мәселесін талқылады

Бүгін Алматы облысы әкімдігінде облыс басшысы Амандық Баталовтың төрағалығымен Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау жөніндегі мәселе талқыланған актив жиыны өтті. Жиынға аудан, қалалар селекторлық режимде қосылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Қазақстан халқына Жолдауын Жетісу жұртшылығы үлкен ықыласпен тыңдағанын айта келе, облыс әкімі Жолдауда белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы облыстың атқарушы органдарының жұмысы туралы кеңінен баяндады.

— Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы тарапынан қабылданған Ұлт Жоспары мен Бес институционалдық реформалардың іске асырылу маңыздылығы туралы атап өтті. Жолдауда белгіленген басты мақсат – жұмыс орындарын және халықтың табыс көзін сақтау. Мемлекет басшысы осы бағытта алдымызға 11 міндет қойды, — деп атап өтті А. Баталов.

Облыс басшысы Президенттің мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру, жаңа жағдайдағы экономикалық даму талаптарына орай өңірдегі жағдайға тоқталды. Бұл орайда стратегиялық маңызды бағыттардың бірі ретінде Президент өңдеу секторын, ауыл шаруашылығын дамытуды тапсырған болатын. «Бұл біз үшін өте маңызды, себебі еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 17 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Осы орайда, орынбасарым С.Тұрдалиевке, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармаларына, аудан, қала әкімдерімен бірлесе отырып жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу, суару жүйелерін жаңғырту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын», — деді А. Баталов. Әсіресе, Еңбекшіқазақ сияқты аса ірі ауданда өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік көп, бірақ сол әлеуетті тиімді пайдаланып, жұмысты дұрыс ұйымдастыру кемшін. Облыс әкімі ауданның жаңа әкіміне осы істі қолға алуды тапсырды. Сонымен қатар Талдықорғанда құрылған индустриалды аймаққа инвестор тарту ісі де ширақтықты қажет етеді.

Сол сияқты Жолдауда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 2025 жылға қарай 35% дейін арттыру талабы қойылды. Облыста бұл көрсеткіш — 32,5%. Облыс басшысы осы деңгейде тоқтап қалмай, оны одан әрі арттыруға жұмыс істеу керектігін ескертті.

Жолдаудағы басты басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру міндетіне орай облыс әкімі халықты қолжетімді тұрғын үй қамту, оқушыларға қашықтан білім беру, денсаулық сақтау саласын дамыту жайлы да айтып өтті. «Қанша елді мекенде алғашқы медико-санитарлық көмек нысандары жоқ, соны анықтауды тапсырамын. Көліктік медицина мәселесін зерделеп, пролемаларды шешу бойынша ұсыныс беріңіздер», — деді тиісті басқармаға қаратып А. Баталов.

Өз баяндамасында облыс әкімі цифрландыру, экология салалары бойынша да тиісті сала басшыларына Жолдау талаптарынан туындаған жаңа міндеттер жүктеді.

Мұнан соң бірқатар азаматтар жарыссөзге шығып, Жолдаудың кейбір бағыттары бойынша өз пікірлерін білдірді. Олардың қатарында облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы «Талдау және болжау орталығы» КММ басшысы Елдар Сапаров, «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Әлішер Башаров, Талдықорған қаласындағы тері-венерологиялық ауруханасының дәрігері Гүлмира Молдахметова, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиевалар бар.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі:

— Бүгінгі Жолдаудың мақсат-міндеттерін өздеріңізбен бірлесіп талқыладық, енді оның басымдықтары жайлы халыққа жеткізіп, жан-жақты түсіндіруіміз керек. Жолдау міндеттерін жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеп, орындалу мерзімін, жауаптыларды нақты белгілеп, жоспарды іске асыруға белсене кірісуіміз керек, — деді А. Баталов.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...