12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жетілдірілген жаңа құжаттың мүмкіндігі мол

Жақында ғана Мемлекет басшысы қол қойған Азаматтық процестік кодекс уақыт талабынан туындап отырған, заман сұранысына сай құжат деуге болады. Өйткені Заң қоғам қажеттілігінен туады. Осы тұрғыда алғанда Азаматтық процестік кодексіне енгізілген толықтырулар өзіне жүктелген міндетті мінсіз орындайтынына күмән жоқ.

Азаматтық процесті сапалық жақтан өзгертуді мақсат еткен заңнамада соттар жұмысын заманауи форматқа бейімдеуге, сот ісін жүргізуде сандық технология жетістіктерін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік беретін өзгерістер көзделген. Соттағы цифрландыруды одан әрі дамыту мақсатында кодекс 133-4-баппен толықтырылып, сот талқылауының аудио-бейнежазбасы электрондық хаттама деп танылды. Толықтығын, құрылымы мен сапалы тыңдалуын қамтамасыз ететін электрондық хаттамаға қойылатын техникалық талаптарды осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттар қызметінің ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын орган айқындайды. Айта кетер жайт, еліміздегі карантин, пандемиялық жағдай ІТ технологияның қолдану мүмкіндігін арттырды. Қазіргі таңда сот отырыстары 100 пайыз онлайн режимде қолданылуда. Мұндай жағдайда барлық сот процесі аудио және бейне жазбаға түсіріледі. Бұрын бұл процестің заңда көзделген құқықтық мәртебесі жоқ болатын. Енді заңдағы өзгерістерге сай оған электронды хаттама мәртебесі берілді. Яғни, енді аудио-бейнежазбаның электронды хаттамалық құжаттық күші бар деуге болады. Бұл шын мәнінде сот саласы үшін маңызы зор өзгеріс. Заңды құқығы бар электрондық хаттама алдағы уақытта талай сот ісінде негізгі дәлелдемеге айналуы бек мүмкін.

Сондай ақ Кодекске толықтырылған 187-1-баптың талаптарына сәйкес, сот, іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот талқылауы барысында материалдық және цифрлық ақпарат жеткізгіштері бар техникалық құралдарды соттың рұқсатымен пайдалануға құқылы. Тараптардың сотқа ұсынған дәлелдерін ескере отырып, сот өз қалауы бойынша өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын ауыстыру, қате жазу мен анық арифметикалық қатенi түзету, мүлкі өндірілген ақша сомасын индекстеу, хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулер, шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыздар бойынша сот отырысын өткізу қажеттігін айқындайды. Яғни сотта заманауи ақпараттық құралдардың мүмкіндігін пайдалану әрекеті артуда.

Аталған өзгерістер мен толықтырулар сот процесінде істің толық және уақытылы қаралуын қамтамасыз етіп, еліміздегі азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызы зор деуге болады. Сондықтан жаңадан қабылданып, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген құжаттан халықтың күтер үміті мол болып отыр.

А. Сармаева, Алматы қалалық сотының кеңсе меңгерушінің м.а 

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...