12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы ХҚО-лары сапалы қызмет пен сауапты істі қатар алып жүр

Қазақ халқында «Жақсылық көрсең асыр» деген сөз бар. Қазіргі кезде елімізді қауіпті індет дендеп, кәрі-жас демей жанталасып, қауіпті дертпен күресіп жатыр. Жақындарынан, ағайын-туыстардан айырылып қалғандар қаншама… Осындай қиын-қыстау кезеңде қиналып жүргендерге қол ұшын созып, жәрдем беруден адамның адамшылығы мен мейірбандылығы көрінеді. Бұл бір сынақ. Денсаулықпен ғана емес, адамшылығымыз бен қайырымдылығымыз да сынға түсіп жатқан кез.
Осындай жағдайда Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы қаласы филиалының қызметкерлері де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұжымдық бірліктің үлгісін көрсетіп жүр. Мәселен, Алатау аудандық фронт-офис қызметкерлері, көмек сұраған екі жастағы Қыдырбаева Мәдинаның сырқатын шетелде емдетуге ұжым болып қаражат жинап, көмек қолын созды. Ал, оның ата-анасына әлеуметтік баспана алуға қажетті құжаттарын жинауға көмектесіп, баспана кезегіне тұруға жәрдемдесті…


Сонымен қатар, аудан тұрғыны Бақыт Алтынбекқызының отбасы мүшелері түгел індетке шалдығып, ауруханаға түскенде, Алатау фронт-офисі мамандары көмекке келіп, дәрі-дәрмегі мен қажетті заттарын алып берді.


Ал, №2 мамандандырылған ХҚО басшысы Жұлдыз Абықанова Наурызбай ауданының басшысы Балауса Ұлдарбекова Түрксіб ауданында Назгүл Жүнісова, Алмалы-2 бөлімінде Бағлан бастаған ХҚО еріктілері 50-ге жуық отбасына азық-түлік, тұрмыстық заттармен қайырымдылық көмек жасады. Ал, Алмалы аудандық бөлімінің маманы, Қазақстанның құрметті доноры Динара Тұрғалиқызы кезекті рет донация жасап, талай жанның өміріне араша болды.


Осылайша, Алматы қаласы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері өз денсаулықтарын қатерге тіге отырып, қызмет алушыларға тез әрі сапалы қызмет көрсетумен қатар, қала тұрғындарын моральдық және психологиялық тұрғыдан қолдап, материалдық демеу де көрсетіп жүр.


«Осындай сын сағаттарды елмен бірге болып, қиналғандарға жәрдем беру патриоттық қана емес, ғажап адами құндылықтардың озық үлгісі. Ауызбіршілігімізді сақтап, бір-бірімізге деген мейірімділік, қайырымдылық сынды ізгі қасиеттерімізді жоғалтпасақ, қиындықтың қандайына да қарсы тұра аларымыз сөзсіз», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.
Иә, осылайша бір-бірімізге демеу болып, бәріміз бірге індетті жеңіп, аман-есен қуанышты күндерге жетейік, ағайын!

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.