12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медиацияда жеңілген тарап болмайды

Татуласып, ортақ мәмілеге келу қос тараптың қалауына байланысты. Дегенмен, медиацияның тиімді тұстарын, артықшылықтарын жұртшылық назарына үнемі салып отырудың зияны жоқ. Өйткені, медиацияда жеңілген тарап болмайды. Уақыт пен қаржыны үнемдейтіні де азаматтарға пайдалы. Даудағы құпияның сақталуы, еріктілік, сот актісінің созабалаңға салынбай орындалуы да бітімге келудің ұтымды екенін айғақтайды.

Татуласудың заңды тәртібі еліміздегі Қылмыстық, Қылмыстық-проуессуалдық, Азаматтық процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерімен реттелген. Азаматтық, әкімшілік істерде медиацияның қолданылуы жыл өткен сайын артып, татуласқандар қатары өсіп келеді. Сонымен қатар, медиацияға қатысты насихат жұмыстарының кеңеюі қылмыстық істердің де бітімгершілікпен шешілуіне әсерін тигізуде. Бүгінде қылмыстық істерде де медиация кеңінен қолданылуда. Мұндай үрдіс сот отырысына қатысушылар арасындағы жылы қарым-қатынасты сақтап қоймай, соттағы, тергеу органдарындағы істердің айтарлықтай қысқаруына, соның нәтижесінде жүктеменің төмендеуіне әсерін тигізіп отыр.

Тараптардың татуласуы қылмыстық істің қысқаруына алып келеді. Қылмыстық кодекстің 68-бабына сәйкес, қылмыстық теріс қылық жасаған немесе адам өліміне соқтырмайтын жеңіл және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар жәбірленушінің кешірімін алып, келтірген залалдың орнын толтырған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылу

ы мүмкін. Бұл ретте кәмелеттік жасқа толмағандар, аяғы ауыр әйелдер, көпбалалы аналар, бала тәрбиесін жалғыз өзі арқалап жүрген азаматтар, зейнет жасындағы адамдарадам өліміне соқтырмаған немесе адам денсаулығына ауыр залал келтірмейтін қылмысты алғаш рет жасаған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Ол үшін жоғарыдағы тұлғалар жәбірленушінің кешірімін алып, келтірген залалды өтеп беруі шарт. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босатқан кезде мәжбүрлі тәрбиелеу шаралары қолданылатынын ұмытпауымыз керек. Өйткені, жас балалар жеңілдікті қате түсініп, қайта қылмыс жасауы әбден мүмкін. Сондықтан оларға қылмыстың зиянын, ала жіпті аттаудың салдарын жан-жақты түсіндіріп, тәрбие жұмыстарын жүргізу маңызды.

Екі тарапты бітімге келтіріп, медиациялық келісім жасауда адвокаттардың атқарар ролі зор. Себебі азаматтар ең алдымен өзінің адвокатына сенеді, соның сөзін тыңдайды. Соған орай адвокаттардың мәселені созбалаңға салып, істі тек сот арқылы шешуге қызықпағаны дұрыс. Бұл мәселеге біз сот тарапынан ұйымдастырылатын дөңгелек үстел, түрлі жиындарда адвокаттардың назарын аударуға тырысамыз. Адвокаттар өз қорғауындағы адамға мейлінше тиімді, оңтайлы жолды таңдағаны дұрыс. Қылмыстық істерде әсіресе істің бітіммен бітуі екі тарапқа да ыңғайлы. Қалай айтсақ та, қылмыстық істің артында үлкен зардап, психологиялық шиеленіс жатыр. Әр сот процесі өткен сайын жәбірленуші де, айыпты да қылмыс деректерін есіне түсіріп, күйзелісті басынан кешіреді. Ал соттың үкім шығаруымен жәбірленушіге келтірілген залалдың орны толмайды. Материалдық залал өтелгенмен, моральдық күйзеліс көңілде қалады. Іс соңына дейін сотта қаралған жағдайда айыптыға белгілі бір жаза тағайындалатыны белгілі. Қылмыстық жаза бостандықты шектеуден тұрмайды. Бостандығынан айырылып, түзеу мекемесінде жазасын өтеу азаматтардың өмірін айтарлықтай өзгертеді. Бостандыққа шыққандарды қолдауға, белгілі бір кәсіпті игеріп, жұмыс табуына мемлекет тарапынан қаншама жағдай жасалып жатқанымен, сотталған азаматтармен байланыс жасаудан көп адамдардың бас тартатынын көріп, байқап жүрміз. Сондықтан, мұндай түйткілдердің алдын алу үшін де қылмыстық істерді медиациялық келісім жасауға барынша тырысу керек. Әрі екі тараптың бітімге келуіне, қылмыстық істің қысқаруына заң да жол ашып отыр. Тек қателікке орын беріп, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам өзінің ағаттығын сезініп, жәбірленушінің алдынан өтіп, залалды өз еркімен өтесе болғаны.

Жалпы, еліміздің заңдарының мақсаты жазалау емес, қылмыстың алдын алуға, айыптыны тәрбиелеуге бағытталған. Тек соны азаматтар түсінсе, біреуге қиянат жасаудың зардабы ауыр екенін ескергені дұрыс.

Камшат Саурова,

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...