12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Онлайн сот отырыстары оңтайлы

Төтенше жағдай алынғанмен, карантиндік режим әлі де сақталуда. Соған орай соттар әлі де істерді қашықтан қарауда. Сотқа талап-арыз жолдауда қиындық жоқ. Себебі, азаматтар үйде, кеңседе отырып-ақ «Сот кабинеті» сервисін пайдаланып арызын жолдап, құжаттар сұратуға үйреніп қалды. Ал қашықтан процеске қатысу бәрібір күдік туғызбай қоймайды. Жаңа бастаманың қай кезде де бірден жылы қабылданбайтыны түсінікті. Осыған орай, іс қараудағы бүгінгі жағдайды білу үшін Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы Жанель Нурсеитоваға хабарласқан едік. Жанель Болатқызының айтуынша, сот процестерін онлайн қарауға қазір тараптар да, адвокаттар мен прокуратура өкілдері де үйренген.

– Сот процесін онлайн өткізеді дегенге тараптар жатырқай қарады. Сотымыздың кеңсесіне, сайтына, әлеуметтік желілердегі парақшаларына көптеген сауалдар жолдап, жауап күтті. Осыған орай аудандық соттың төрағасынан бастап, сот ұжымы түгелдей онлайн сот отырыстары қалай өтетінін, нені ескеру керектігін барынша жан-жақты түсіндіруге тырыстық. Шындығында, сот отырысына қосылу үшін тараптарға сапалы смартфон, ноутбук, компьютермен бірге интернетке қолжетімділік болса болғаны. Кейде азаматтар жол жүріп бара жатып сот отырысына қатысады. Интернет ұстамай қалса не өзі отырысқа қатыса алмайды, сол арқылы өзгелердің де уақытын алып, процесті кейін жалғастыруға түрткі болып жатады. Бұл шара азаматтардың қауіпсіздігі, амандығы үшін жасалып отыр. Сондықтан азаматтар біздің бастамамызға түсіністікпен қарап, өздері қатысатын сот процестерінің өз уақытында басталып, аяқталуына, осы арқылы өзге қатысушылардың уақытын үнемдеуге көмектессе дейміз, – деді Жанель Болатқызы.

Осы ретте Алатау аудандық сотында өткен ашық онлайн отырыстың біріне қатысудың сәті түскен еді. Карантин режиміндегі үш айға жуық уақыт ішінде шынында сот ұжымының жаңа өзгеріске бейімделгенін аңғардық. Тараптарды сот отырысына қосып, бір-біріне сөз беріп, бір-бірін тыңдауда ешқандай кедергі, қиындық болмады. Бұл сот құрылымдарының жаңа технология жетістіктерін тез меңгергенін аңғартса керек.

К.Ысқақова,

«Заң газеті»

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...