12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұстаз өлімінің ақиқаты ашылсын!

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРІНІҢ НАЗАРЫНА!

АШЫҚ ХАТ
29 маусымда Нұр-Cұлтан қаласының «№ 1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК-де ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, әдебиеттану доценті, белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Марқұм өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін ескертіп, қаралы хабар тарағанға дейін 6 сағат бұрын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба қалдырған. «Астанадағы Бірінші клиникадағы КВИ 1-палатада емделіп жатырмын (хат өзгеріссіз беріліп отыр). Кешеден бері дəрігерлер ковид тексеріс жасаймыз деп жүрген. Шырт ұйқыда жатыр едім сағат 02.00-де дəрігер мен медик жігіт келіп қағазға қол қойдырды да
кетті. Сəлден кейін мед жігіт келіп аузыма бір ақ дəрі салды да су ішкізді. Менен басқасына бермеген. Не зат десем вирустан сақтайды дейді. Қастандық шығар деп күмəндімін. 3 литр су іштім. Неге маған арнаған? Əрекеттері күмəнді. Ештеңе түсіндірмейді», – деп жазды ол Facebook парақшасында. Ел ішін коронавирус пандемиясы жайлап, бойымызды үрей билеген тұста қоғамға белгілі тұлғаның жұмбақ жағдайда көз жұмуы,
онсыз да билікке сенімі азайған халықтың көңіліндегі күдігін күшейтіп, дәрігерлердің беделіне нұқсан келтіретіні анық. Осы орайда, құзырлы органдардан Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты тексерісті ашық әрі жариялы түрде жүргізуді талап етеміз. Науқас қабылдаған препараттың атауы мен оның қандай емге қолданылатыны барлығы ашық айтылуы тиіс. Тергеу қорытындысы бойынша БАҚ алдында ресми мәлімдеме жасалуы керек! Қуандық Шамахайұлы – Қазақстан аумағында жүздеген шәкірт тәрбиелеген білікті ұстаз. Жас журналистердің азаматтық көзқарасының қалыптасуына, кәсібіне адал болуына бір кісідей ықпал еткен білімді тұлға. Ол кісінің шәкірттері бүгінде елдегі белді БАҚ-тарда ел мүддесі үшін еңбек етіп жүр. Марқұм ғалым ретінде артына құнды ғылыми еңбектер мен кітаптар жазып қалдырды. Мемлекетіміздің дамуы үшін, қоғамдағы қилы мәселелерді өткір көтерген арда азаматқа қастандық жасау, бүкіл қазақ қоғамына қол
көтерумен тең.
Қуандық Шамахайұлының шәкірттері:

Айгерім Аханова,

Алмат Атамбаева,

Ақбота Аманжолқызы,

Сағыныш Әбілова,

Ақмарал Баязитова,

Ерболат Үрімхан,

Жомарт Рахымжан,

Жазира Есенхан…
Барлығы 16 адам қол қойған.
«Заң газеті» де Қуандық Шамахайдың
өліміне қатысты істі бақылауында ұстайды.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.

Шоқан ОРАЗАЛИН, Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы: «ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚША ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ»

Мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясаты саласындағы көңілге кірбің шалдыратын түйткілдерді шешу бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, елдің ертеңі болып табылатын балалардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіру – ұрпақтар сабақтастығының аса өзекті тұсы. «Тәрбие – тал бесіктен» десек те, қазіргі таңда балабақшадан бастап, жалпы орта білім беретін мектептерде мемлекеттік тілдің деңгейін көтерудің аса маңызды екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қоғамда «теріскей облыстар орыстанып кеткен» деген қасаң көзқарас қалыптасып қалғаны рас.

ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жолындағысын жайпап өткен ағын су Ақмола облысының да ондаған елді мекенін басып, кейбірін күні бүгінге дейін сыртқы әлеммен қатынассыз, жарықсыз әрі сусыз қалдырған. Өңірде осыған дейін Атбасар, Астрахан, Бұланды, Есіл және Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланған еді.