12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

МЕДИАЦИЯ – ОТБАСЫЛЫҚ ДАУДЫҢ ҰТЫМДЫ ШЕШІМІ

Отбасы – шағын мемлекет. Ел іргесінің мықты, бірлігінің бекем, ынтымағының берік болуы осы шағын мемлекеттегі тәлім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасындағы жайлылық, тыныштық, татулық – мемлекеттегі тұрақты дамудың кепілі.

Алайда соңғы жылдары отбасылық құндылықтар әлсіреп, ұлттық болмысымыздан ажырап бара жатқанымыз кімді болса да алаңдатады. Ажырасудың көбеюі қоғамдағы жетім, тастанды балалардың санын арттыруда. Мемлекеттің қамқорлығындағы толық емес отбасылардың пайда болуына да сәтсіз некелер санының артуы негізгі себеп. Міне, сондықтан да, Жоғарғы Соттың бастамасымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасы қолға алынып, жанұя жарасымын сақтауда, жақындар арасындағы сыйластықты қорғауда отбасылық медиацияны қолдануға барынша басымдық беріліп келеді.
Жалпы, қазіргі кезде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің барлығында медиация жиі қолданылады, тараптар да бітіммен дауды бітіруге ынталы болып жүр. Бұл қуантарлық жағдай. Ал, енді кәмелетке толмағандардың қатысуымен қаралатын істерде медиацияны қолдану өте маңызды. Мұның себептері көп. Медиация сот отырыстарын айырбастай алмайды. Ол заңдық тетіктерді толықтырып, отбасы мүшелерін бір ымыраға келтіру үшін керек. Даудың сотта шешілуі сыйластыққа сызат түсіреді, үлкен мен кішінің арасындағы байланысты әлсіретеді, туыстардың бір-біріне деген қадірін кетіреді. Өйткені, сот барысында өзінікін дұрыс дейтін тараптардың бет жыртысып, бір-біріне ауыр сөз айтатынын жиі көреміз. «Жақын тұрған көршіңе ауыр тиер сөз айтпа» деп ұл-қызын тәрбиелейтін қазақ үшін жақынының жүрегіне тиетін сөз айтудан ауыр нәрсе жоқ. Ал, осы дау сотқа дейін, болмаса судья шешім шығарғанға дейін реттеліп, медиация арқылы шешілетін болса, тараптардың ұтары көп. Уақыт пен қаржыны айтпағанда, істің бітімгершілікпен аяқталуы отбасындағы татулықты нығайтуға, текетіресті азайтуға, туыстық байланысты жақсартуға ықпалын тигізеді.
Медиацияның тағы бір артықшылығы – құпиялылығында. Дауды шешу барысында тараптар арасындағы келіспеушілікті тек медиатор біледі. Екеуара құпияның жария болмауына медиатор кепілдік береді. Бұл әрі қазақы құқықтық ұстаныммен де үндес. Өйткені, байырғы бабаларымыз «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деп әулеттің ішіндегі дауды сыртқа шығармауға, олқылықты үйден тысқары жария етпеуге тырысқан. Отбасылық түйткілдерді ғана емес, ауыл арасындағы дау-дамайларды да мүмкіндігінше өз араларында бейбіт бітіруге күш салған қазақы түсінік бізге де қымбат. Сондықтан, кәмелетке толмағандарға қатысты іс қаралғанда медиацияның мүмкіндігін, артықшылығын, пайдасын айтып, тараптарға жол көрсету – біздің парызымыз.
Саида БОЛАТ,
Алматы қаласы кәмелетке
толмағандар ісі жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық сотының
судьясы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...