12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЛА ҚАҚПАЛАРЫНДАҒЫ БЛОКБЕКЕТТЕРДІ АЛУ КЕРЕК ПЕ?

Мемлекет басшысы елімізде «төтенше жағдай алынғанымен, карантин режимі қатаң сақталуы тиіс!» деп ескерткен-ді. Алайда, Алматының кіре беріс жолдарына қойылған блокбекеттердегі көрініс «антикарантин» шараларына көбірек ұқсайды. Ондағы иық тірескен халық пікірінше, мұндай блокбекеттердің барынан жоғы жақсы. Сіз қалай ойлайсыз?

Әлия БАЛКАНОВА, психолог:

Екі айға созылған төтенше жағдайдың жағымсыз әсерінен халық әлі арыла қойған жоқ. Қарапайым халыққа
тосыннан тиген соққыдай көрінген бұл жағдайдың қашанға дейін созылатыны тағы белгісіз. Бірі біріне қосылып, аяғында халықты титықтатып жіберді. Қазіргі уақытта жұмыс орындарынан «қысқартылдың» деген жауап алып жатқандарда есеп жоқ. Қырық екі мыңның қалай жыр
болғаны өздеріңізге де аян. Бір сөзбен айтқанда, енді елімізде жүйкесі сыр берген адамдар көбейіп кетсе, өз басым таң қалмаймын. Ал, карантин режиміне келсек, біз мұның барлығы адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті сейілту мақсатында жасалып жатқан қадам деп қабылдауымыз керек. Бірақ мен биліктің төтенше жағдайды алып тастап, карантинді күшейтіп жатқанына онша түсінбей отырмын. Себебі, халық төтенше жағдайдың алынуын жағдай оңалды деп түсініп, жаппай жұмысқа шығуға талпынуда. Жұмыссыз қалғандары қалаға жұмыс табу үшін бәрібір барады. Осылайша, нәпақаларын қаладан айырып жүрген үлкен шаһарларды жағалай орналасқан елдімекендердің тұрғындары қазір жеке бастың қауіпсіздігін ойлайтындай жағдайда емес. Қалта таяз, кредит қысып барады. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Қазіргі жағдайға қарап біз блокпост дегеннің қауіпсіздігіміздің кепілі еместігін түсіндік. Күні кеше ғана ақпарат көздерінен «жұмысқа шыққандардың арасынан індет жұқтырғандар көбейіп жатыр» дегенді оқыдым. Қалай көбеймесін, ара қашықтықты сақтау атымен жоқ. Көліктің ішінде отырған адамдарды түсіріп жаяу блокпосттан өткізіп жатқандар да бар. Жолдың бір жағында көлік кептелісі, екінші жағында жаяу адамдардың кептелісі. Міне, еліміздегі карантин режимінің көрінісі осындай. Тиісті орындар бұл мәселені шешудің оңды жолын таппаса, жағдай алдыңғыдан бетер ушығып кетуі мүмкін.

Гүлвира БИҒАЛИЕВА, журналист:

– Мен Алтын Орда жақтағы блокбекеттерді тексеру жұмыстарын жеңілдетсе деймін. Карантин уақыты
екенін түсінемін, бірақ планшетпен тексерілу үшін 3 сағат бойы 40 градус ыстық күннің астында қаңтарылып кезек күту кез келген адамның жүрегінің талмасын ұстатады. Себебі, рұқсат қағазы бар адамдардың өзі 3 сағат кезек күтуі коронавирус ауруынан да қауіпті. Біріншіден, басынан күн өтеді, екіншіден, кезектің үстіне кезек жамала береді. Сосын қалаға кірген соң өте қымбат таксиге отыруға тура келеді. Себебі, автобустар қаланың шетіне дейін жүрмейді. Өз машинасына отырып барамыз дегендер де Алтын Орданың кептелісінде 3 сағат бензині біткенше тексерілуге кезек күтіп тұрады. Онсыз да бұл бұрыннан көлік тығыны сұмдық аймақ
болатын. Ал полициялар әркімнің рұқсат қағазын планшетке салып тексергенше, көліктің ішіндегі адамның денсаулығы сыр береді. Нақты мысал айтайын, менің сіңілім таңғы сағат 7-де қалаға өту үшін көлік тығынына
тұрып, сағат 11:30 бір-ақ жұмысына жеткен. Ыстық күнде қатты әбіржіп кеткені сонша, жұмысын істей алмай қалған. Халық жұмысқа бармаса қаржылай қиындыққа тап болады. Отбасын асыраулары керек қой. Осылай кезекті жарты күн бойы күтеміз деп көшеде жүрегі қысылып, өліп қалса кім жауапты? Сол үшін планшетпен тексерудің басқа да жолдарын тапса екен.

Сауалнаманы дайындаған Камила ӘКІМБЕК, , «Заң газеті»

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.