12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақ тілін ел азаматтары қолдауы және қолдануы қажет

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны қазына, байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Мұны айтуымызға Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға жуық уақыт болса да, әлі күнге дейін мемлекеттік тіл тақырыбының өзекті мәселелер қатарынан түспеуі себеп болып отыр. Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі болғандықтан, ел азаматтарының жаппай қолдауын және қолдануын қажет етеді. Сондықтан, мемлекеттік тілге деген құрмет, жауапкершілік әр адамның өзінен басталса нұр үстіне нұр.

Ел соттары мемлекеттік тілге қатысты қызметін жүргізуде ҚР Конституциясын, ҚР Тіл туралы заңын, сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және басқа да құжаттарды басшылыққа алады. Тіл мәселесіне ҚР Жоғарғы Соты жіті назар аударуда және оның мәртебесін нығайту үшін ауқымды шараларды жүзеге асыруда. Сот жүйесінде мемлекеттік тілді одан әрі жетілдіру мақсатында қойылатын талаптар қатайды. Әсіресе, атап айтарлығы, Жоғарғы Сот төрағасы сот процестерін біртіндеп қазақ тіліне көшіру жайлы үлкен бастама көтерді. Төрағаның бұл бастамасы Елбасының «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында, немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды» қағидатымен үйлесім тапты. Қазақстан соттары тіл заңдылықтарының сақталуына кепілдік беріп қана қоймай, мемлекеттік тілде іс жүргізуді сапалық белеске көтеруге бағыт алып отыр.

Талап болмай, мемлекеттік тіл мәселесінің шешілмейтінін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Олай дейтініміз, азаматтардың мемлекеттік тілге ден қойып оны үйренуіне мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп, неше түрлі әдістемеліктер шығарылып, бағдарламалар қабылданды. Алайда, мемлекеттік тілге деген салғырттық басым. Сол үшін тіл мәселесінде қатаң талаптар қажеттігі даусыз жайт. Мәселен, Англияға баратын адам курстар көмегімен үш айда ағылшын тілін игереді. Себебі, қажеттілік бар. Өкініштісі, қазақ тілінсіз де Қазақстанда өмір сүруге болады. Бар мәселе осында. Яғни, біз осы психологиядан арылуға тиіспіз. Мемлекеттік тілді білмеу мемлекеттік қызметке барар жолда кедергі болатынын әрбір адам түсіну керек. Сонда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, қажеттілік артады. Мәселен, Қазақстанға келген шетелдіктер кәсібін жүргізу немесе оқу үшін орыс тілін үйреніп алады. Қажет болмаса үйренер ме еді, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне де осындай қажеттілік тудырған абзал.

Бабаларымыз «Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер» демекші, қазақ тілін ең бірінші өзіміз құрметтеуге міндеттіміз. Ақын Қадыр Мырза-Әлі «Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл» десе, еліміздің Тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деді. Дара тұлғаларымыздың дана сөздерін біз барлық уақытта бағдаршам ете білсек, болашағымыз баянды, келешегіміз кемел болары хақ. Яғни, мемлекетіміздің басты тілі – қазақ тілінің маңызын арттырып, мәртебесін асқақтату өзімізге байланысты.

Қанат Утеубаев,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...