12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады

«Сәлем! Сөйлесуге ыңғайлы ма?» Осы сөйлемнен Forte-нің жаңа өнімдері мен сервистерінің жыл сайынғы тұсаукесері басталды.

Биыл Forte жаңа форматта презентация жасап, оны Forte Digital Week деп атады. Онлайн режимде азаматтар өмір сүруді жеңілдететін жаңа өнімдер мен жаңартылған банк қызметтерімен танысты. Forte-нің экожүйесі үнемі жаңа қызметтермен және сервистермен толығып отырады. Сондықтан да банктік емес өнімдердің түрлері үнемі кеңею үстінде.

ForteMarket цифрлық дүкені кішігірім электроникадан бастап, үй жиһаздарына дейін мыңдаған түрлі өнімді сатады. ForteTravel – саяхаттар мен әуе билеттерін сатып алу қызметтерін ұсынатын цифрлық құрылғы. Осы дүниелер арқылы клиенттеріміз көптеген жаңалықпен танысты. Ал бүгін банк өнімдеріне қатысы жоқ ерекше өнімімізді қуанышпен ұсынбақпыз. Ал оның көмегімен сөйлесуге өте ыңғайлы, ол – біздің ForteMobile жаңа ұялы байланысымыз, – дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Гурам Андроникашвили
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Forte-нің эксклюзив ұялы байланысы екі тарифпен ұсынылады. Атаулары төлем карточкалары түрінен алынған – Gold және Platinum.

Біз серіктесіміз Beeline Қазақстанмен бірге керемет ұсыныстар жасап отырмыз. Біздің тарифтерімізбен минуттар мен интернеттің жетіспеушілігін сезінбейсіз. Егер тұтынушы біздің банк өнімдерімізді белсенді қолданатын болса, бірегей бонустар мен қызметтерге қол жеткізеді, – дейді жоба менеджері Алена Ахметова.

ForteBank, Beeline
Фото: Forte Bank баспасөз қызметі

Қызметтер қатарына шығыс қоңырауларға арналған ақысыз минуттар, интернет-трафиктер, сонымен қатар әлеуметтік желілер, лездік хабарламалар, KAZNET және басқа да қызметтерге шектеусіз трафиктер кіреді екен.

Тарифтердің тағы бір артықшылығы – ForteMobile абоненттері мен Beeline Қазақстан серіктесі арасындағы тегін қоңыраулар.

Жаңа ұялы байланыста ешкімде жоқ тағы бір қызмет бар. Ол – банктік қолдау қызметіне ақысыз роуминг қоңыраулары. Айтпақшы, мобайл қосымша интернет-трафиксіз, яғни ақысыз жұмыс істейді. Мысалы, сізге сапарға бару үшін картадағы лимитті ұлғайту немесе жақын адамдарыңызға ақша аудару қажет болса, интернет көзін пайдаланудың қажеті жоқ.

ForteMobile көмегімен кез келген елден ForteBank-қа, +7 705 921-21-21 нөміріндегі операторға қоңырау шалып, қалағаныңызша сөйлесуге болады. Уақытқа шектеу жоқ.

ForteBank
Фото: Forte Bank баспасөз қызметі

Банк клиенттері үшін жағымды бонус – егер ForteBank төлем картасымен айына 100 000 теңге немесе одан көп мөлшерде төлем жасалса, ұялы байланыс үшін абонент төлемі алынбайды.

Банктің Нұр-Сұлтандағы және Алматыдағы кез келген бөлімшесі арқылы Fortimobile нөмірін ресімдеуге немесе нөміріңізді Fortimobile нөміріне портациялауды жүзеге асыруға да болады.

Абоненттің нөмірі мен карта нөмірі бірдей болған кезде ForteMobile SIM картасы мен ForteBank төлем карточкасынан тұратын шектеулі жиынтық ұсынылады.

Жаңа ұялы байланыс қызметінің іске қосылу құрметіне Forte кішкене сыйлықтар дайындады. Mobile.forte.kz сайтымен ForteMobile SIM карталарына тапсырыс бергендердің бәрі үйлеріне жеткізіледі. Ертең сағат 15.00-де Forte Digital апталығының екінші күні өтеді, онда да көптеген қызық жаңалық пен сыйлық бар.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...