12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

Еліміздің өз алдына тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы қазақ тілінің қоданыс аясы кеңеюіне мүмкіндік берді. Оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалды. ҚР Тіл туралы заңы республика аумағында колданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік тіл мәртебесін белгілеп берді. Мемлекеттік тіл жалпы ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалды. Мұны айтып отырғанымыз, өз тілі мен ұлтын қастерлемеген азаматтың, басқа ұлт өкілдері алдындағы абыройы асқақтай алмайды. Ұлттың саулығы, оның өзіне ғана тән әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бірінші кезекте сол ұлт өкіліне ғана керек, ал, басқа ұлт өкілдері оны тек үлкен қызығушылық пайда болған кезде немесе соған ықпал ететін мемлекет тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстар нәтижесінде ғана қажет етеді. Осы себепті, ана тілін жақсы білу әркімнің азаматтық борышы.

Мемлекеттік тіл аясын кеңейтуде ҚР Жоғарғы Соты сот шешімдері мен үкімдері сапасына қойылатын талаптарды жылдан-жылға жандандырды. Өйткені, жұртшылық жүйе жұмысына сот шешімдеріне қарап баға береді. Сондықтан, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы судьяларды сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге шақырды. Соттардағы шаралар нәтижесінде бүгінде мемлекеттік тілдегі сот актілерінің біркелкі стандарты қалыптасты. Айта кетерлігі, сот ісін жүргізу тілі сотқа түсетін құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі. Заң талабына сай, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы.

Біздің аудандық сотта құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен тіл тақырыбында дөңгелек үстелдер, семинар сабақтар және басқа да іс шаралар жиі өткізіледі. Шараларда мемлкеттік тілдің өзектілігі, яғни, азаматтардың құқық қорғау органдарында сот ісін жүргізудегі тіл таңдау құқығын сақтау бөлігінде мемлекеттік тілді қолдануды кеңейтудің мемлекеттік маңыздылығы түсіндіріліп, соттардың ішкі құжат айналымында қазақ тілін қолдану бойынша белсенді жұмыстары, мемлекеттік тілдегі істер мен материалдардың санын көбейту, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізуде туындайтын мәселелер талқыланып отырады.

Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын негізгі конституциялық құқықтық белгілердің бірі – мемлекеттік тіл екенін ескерсек, әрбір адам өзі тұратын мемлекеттің мемлекеттік тілін құрметтеуге және сол тілде сөйлеуге міндетті. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген сөзі қай-қайсысымызға да үлгі-өнеге.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», — деуі де әрқайсымызға ой салуы тиіс. Президент өзінің осы сөздерімен өз ұлтын сүйетін

азаматтарды, сонымен қатар, қазақ халқымен ғасырлар бойы қоян-қолтық туыстық қатынаста өмір сүріп келе жатқан басқа да ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде бірлесе жұмыс атқаруға үндеп отыр. Сондықтан, біз «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» қағидасын нық ұстанып, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі одан әрі нығаюы жолында жұмыла қызмет етуге тиіспіз.

Наргиза Қыстаубаева,

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының

жетекші маманы

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...