27 C
Алматы
Вторник, 21 июня, 2022

ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР, ҚЫМБАТТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс халықтың жадында, елдің тарихында айрықша орын алады. Ол бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының, фашизмді талқандаған бүкіл кеңес халқының, соның ішінде әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған қазақстандықтардың мерекесі. Ардагер аға-апаларымыздың соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы Отанға адал қызмет етудің үлгісі болып табылады. «Барлығы да майдан үшін, барлығы да жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тылда еңбек етті.
Ұлы Жеңіс мерекесі – бұл батылдық пен ерліктің символы болып қала бермек. Ендігі жерде халықтың бірлігін
сақтап, Отанымызда ерекше қорғалатын конституциялық құндылықтар – ынтымақ пен татулықты одан әрі
нығайта түсу біздің басты парызымыз. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости