12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік желіде Жеңіс күніне орай акция-челлендж бастады

Алматы облысының әкімдігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай #ешкімдеештеңедеұмытылмайды хэштегімен қазақ және орыс тілдерінде акция-челлендж бастады. Жоба шеңберінде облыс әкімі баспасөз қызметінің «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі ZhetysuPress ресми  парақшасында осы шараға қатысуға ниет білдірген облыс тұрғындарының бейнеқұттықтауы жариялануда. Бүгінгі күнге бейнероликтердің саны 50-ден асты.

Бұл жоба жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, бірліктің маңызын насихаттауға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сол зұлмат соғыс жылдарының ауыртпалығын қайыспай көтерген барша жандарға алғыс білдіруге бағытталған. Шартына сәйкес аталған акция-челленджге облыстың кез келген тұрғыны қатыса алады. Ниет білдірушілер ардагерлерге алғыс айтып, Ұлы Жеңіс күніне орай құттықтау тілегін арнап, ән салып, өлең оқып, соғысқа қатысқан туыстары туралы естеліктер айтуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде парақшаға облыс тұрғындарының 50-ден астам бейнежазбасы орналастырылған, олардың ең кішкентайының жасы 4-5-терде. Бейнероликтердің жалпы қаралымы 40 мыңнан асты, 1 мыңнан астам пікірлер жазылды, соның ішінде жекелеген роликтер 1700-ден астам рет қаралған.

Бейнеқұттықтаулар әлі де көптеп түсуде, акция 8 мамырға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша ең көп қаралым жинап, танымалдыққа ие болған бейнеқұттықтау 9 Мамыр күні акция-челленджге белсене қатысқаны үшін алғыс білдіріліп, парақшаға қайталай орналастырылатын болады.

 

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...