12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысында медицина мамандарына арналған қорғаныш амунициясы тегін берілді

Кәсіпкерлер Алматы облысына құны 100 млн. теңгеден асатын медицина мамандарына арналған қорғаныш амунициясын қайтарымсыз берді.

Бүгін «Universal Energy (Qazaqstan)» компаниясы мен қазақстандық кәсіпкерлер Асқар Алшынбаев, Евгений Фельд, Нұржан Бекшенов, Есенғали Бәйменов және Райымбек Баталов Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген Алматы облысының медициналық және басқа да ұйымдарына гуманитарлық көмек жүктерін жеткізіп берді, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы құны 100 миллион теңгеден астам сома тұратын көп рет пайдаланатын Dupont костюмдері, инфрақызыл термометрлер, маскалар, респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері ҚХР-дан сатып алынып, Қазақстанға арнайы рейспен әкелінген. Бұл қорғаныс құралдары індетпен күрес шараларына тартылған медициналық және басқа да ұйымдарға бөліп беру үшін облыс әкімдігіне тапсырылды. Барлық медициналық бұйымдар мен амуниция қытайлық және еуропалық кәсіпорындарда өндірілген, еуропалық сапа сертификаттарына ие.

«Әсіресе, ҚР Сыртқы істер министрлігіне, еліміздің Қытайдағы және Қытайдағы Қазақстанның елшіліктеріне індет кезіндегі логистикалық қиындық жағдайында бізге құралдарды жеткізуге көмек көрсеткендері үшін алғысымыз зор. Бұл заманауи жеке қорғану құралдары біздің медицина мамандарына коронавируспен күресте үлкен көмек болады деп сенеміз», — деп атап өтті қайырмдылық акциясының бастамашылары.

Бұл көмекті әкімдіктің атынан облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев қабылдап алды. Ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін берік ұстанып, осындай қиын-қыстау кезеңде өңірге қолдау білдірген кәсіпкерлерге ризашылығын жеткізді. Қандай қиындықты да бірліктің арқасында жеңіп шығатынымызға сенім білдірді.

— Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың атынан «Universal Energy» (Qazaqstan) компаниясының құрылтайшылары И Нан, Болат Абилов пен Ораз Жандосовтардың көрсеткен қолдауларына, қамқор ниеттеріне алғыс айтамыз, — деді С.Тұрдалиев.

Еске салсақ, «Universal Energy (Qazaqstan) компаниясы жаңартылған энергиялық нысандардың құрылысымен және оны іске қосумен айналысады. Облыс аумағында аталмыш компанияның «Қапшағай 100 МВт» күн электр стансасы жұмыс істейді. Оған қоса Іле, Сарқан аудандарында тағы екі стансаның құрылысы жүріп жатыр.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...