12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысында 1500-дей өнеркәсіп нысандары жұмыс істейді

Алматы облысында 1407 өнеркәсіп нысаны жұмыс істейді, соның 32-сі — ірі, 64-і — орта және 1311-і — шағын нысандар. Оларда 85 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазіргі кезде облыстағы барлық кәсіпорындар барлық санитарлық-дезинфекциялық шараларды қатаң сақтай отырып, штаттық режимде қызметін атқаруда.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Руслан Қожасбаевтың айтуынша, өңірдегі өнеркәсіп көлемі 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 242,0 млдр. теңгені немесе 106% құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 53,7 млрд. теңгеге артық. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі 85,4% – бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Басқарманың мәліметі бойынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі азық-түлік шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-ның өндіріс көлемінің арттырылуының (2019 ж. 3,2 мың тонна азық-түлік, 2020 ж. 3,9 мың тонна немесе 120,4%), кондитерлік өнімдердің ірі өндірушісі «Хамле Компани ЛТД» компаниясының ассортименті мен сату нарығын кеңейтуінің (2019 ж. 3,5 мың тонна, 2020 ж. 4,3 мың тонна немесе 123,5%), «Азия АгроФуд» АҚ-ның ұн өндірісін ұлғайтуының (2019 ж. 45,7 мың тонна, 2020 ж. 65,1 мың тонна немесе 142,4%) есебінен қамтамасыз етілді.

Жалпы көлемнің ұлғаюына шырындар мен алкогольсіз сусындар өндіретін кәсіпорындар да өз үлесін қосты. Олардың қатарында «Кока-Кола Алматы Боттлерс», «RG Brands Kazakstan», «Галланз Ботлерс» (2019 ж. – 193,6 млн. литр, 2020 ж. – 240,2 млн. литр немесе 124,1%) кәсіпорындары бар.

«ТГПК» ЖШС-ның қолданбалы шойын өндіру көлемін 8 есе арттыруы да зор рөл атқарды. Мәселен, 2019 жылы кәсіпорын 5,8 мың тонна өнім шығарса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 46,7 мың тоннаға жетті.

Атап өтсек, коронавирус инфекциясының алдын алу мен таралуына жол бермеу мақсатында облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өңірдегі барлық кәсіпорындарда санитарлық және алдын алу шаралары қатаң сақталып, тұрақты бақылауға алынған. Сонымен қатар Алматы қаласында карантин енгізілуіне байланысты облыс әкімдігінің қолдауымен 30 кәсіпорынның 1 мыңнан астам қызметкері Алматы агломерациясына кіретін 3 аудан мен Қапшағай қаласына орналастырылды. Олардың қатарында жүйеқұраушы және ірі «Маревен Фуд Тянь-Шань», «Джей ТИ АЙ», «Филипп Моррис Қазақстан», «Данон Беркут», «Галланз боттлерз», «Лукойл Лубрикантс», «Kagazy Recycling», «Эфес Қазақстан», «RG Brands», «Хамле Компани ЛТД» және басқа да кәсіпорындар бар.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімінің тапсырмасымен өңірде медициналық маскалар тігу жолға қойылған, бұл іске аймақтың көптеген кәсіпорындары тартылды. «Dolche-Pharm» ЖШС фармацевтикалық компаниясының өзі күн сайын 150 мыңнан астам медициналық маска шығаруда. Оған қоса 70 мыңға жуық масканы өз қызметкерлері үшін және басқа кәсіпорындардың тапсырыстарына орай «Универсал», «Жаркент полипропилен зауыты», «ЖКПЗ», «TEXTIL MARKET», «Кока-Колла Алматы Ботлерс», «Алтын жұлдыз» ЖШС-лары, «CLOTWELL», «Зета» компаниялары мен басқа да шағын кәсіпорындар тігіп отыр.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...