12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Келісу комиссиясын құрмау жауапкершілік жүктейді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. Оның 23-бабы 1-тармағында әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалуына құқығы барлығы жазылса, 2-тармағында әр адамның құндылығы тең еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз, тең еңбек ақы алуына құқығы екені нақтыланған. Сондай-ақ, әр адам өз мүддесін қорғау үшін кәсіподақ құрамына кіруге құқылы. Ал, 24-бап әр адамның тынығуға және мәдени демалуға, оның ішінде ақылға қонымды шектеулі жұмыс күніне және мерзімді ақылы демалысқа құқылы екені көрсетілген. Мұны айтып отырғанымыз, Қазақстан да осы ұстанымды нық ұстанады.

Республикамызда әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына, қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Бұл туралы барлық заңдылық Ата Заңмен бекітілген. Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында «Әлемнің әміршісі — еңбек» деді. Ал, осы еңбек барысында, яғни, жұмыс беруші мен жұмыскер арасында түрлі мәселе туындайтыны да өмір заңы. Ел азаматтарының еңбек құқықтары мен бостандықтары Ата Заң, ҚР Еңбек кодексі, т.б. заңнамалармен қорғалғанын жоғарыда айттық. Мәселен, Еңбек кодексінде еңбек қауіпсіздігін қорғау, жұмысшылардың еңбек заңнамаларына қатысты құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбеккер мен мекеме арасында туындайтын келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей, ымырашылдықпен шешу мәселелері жан-жақты сараланған.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат туралы тұжырымдамасында азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарын дамыту көзделген. Себебі, дауды сотсыз шешу бабалар мұрасында бұрыннан бар үрдіс. Соған орай, қазіргі таңда ҚР Еңбек кодексінің талабына сай, жеке еңбек даулары алдымен келісу комиссияларында қаралады. Қандай да бір мәселе туындаған немесе келісу комисиясының шешімі орындалмаған жағдайда ғана дау сотқа беріледі. Бұдан әрі нақтыласақ, жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуі туындаған жеке еңбек дауын сотқа дейін реттеу тәртібінің міндетті сатысы болып табылады. Енді заң талабына қысқаша тоқталсақ, ҚР Еңбек кодексінің 159-бабы 4-тармағы бойынша келісу комиссиясына түскен арыз берілген күні тіркеледі. Келісу комиссиясы болмауы мүмкін, ондай жағдайда жеке еңбек дауын қарау мерзімі комиссия құрылғанға дейін тоқтатылады. Әрі мұндай кезде талап арыз беру мерзімі өтіп кетпейді. Комиссия дауды он бес жұмыс күнде қарап, тараптарға шешім көшірмесін үш күнде беруге міндетті. Ескерерлігі, Еңбек кодексі талаптарының сақталмауы, оның ішінде келісу комиссияларын құрмау немесе дауды негізді қарамау жұмыс берушінің жауапкершілікке тартылуына әкеліп соқтырады. Келісу комиссиясы негізінен жалақы өндіру, еңбекке үстемеақы, сыйақы төлеу, т.б. келіспеушіліктерге қатысты дауларды қарайды.

Осы тұста айта кетерлігі, ҚР Медиация туралы заң аясында ҚР Жоғарғы Соты дау-дамайды сотқа дейін реттеу бойынша «Еңбек дауларын сотқа дейін реттеу» пилоттық жобасын іске қосты. Бұл жоба дауды тараптардың өзара келісіммен бітіруін көздейді. Мысалы, жұмыскерлерді кадрлық тағайындау, жұмыстан шығару, жұмыс уақыты, еңбекақы төлеуде қандай да бір келіспеушілік орын алса, дауды екі жақтың өздері шешуін қамтамасыз етеді. Келісу комиссиясы жұмысшыны жұмысына қайта алу туралы шешім қабылдаса оны жұмыс беруші жедел орындауы қажет. Олай болмаған жағдайда комиссия жұмысшының сол уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысындағы айырмасын төлеуді жұмыс берушіге міндеттейді.

Пилоттық жоба жайлы тағы бір айтарлығы, жария даулар алдымен өтініш берушінің келісімімен жоғары тұрған органдар құзырына жіберіледі. Ол үшін, әрине, бұл мәселеге кәсіподақ өкілдері тартылады. Бұл өз кезегінде еңбек дауларын соттан тыс немесе сотқа дейін реттеу мүмкіндігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар, келісу рәсімдерін көбейтеді. Негізінде дауды ең жақсы шешетін тараптардың өздері екенін қоғамға жеткізе білуіміз керек.

Ботагөз Алмасбаева,

Ақтөбе қалалық сотының судьясы

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың...

Электронное судопроизводство как фактор повышения открытости судов

Судебная система в числе первых органов государственной власти перешла...

Талап арыз қай тілде берілсе, сот ісі сол тілде жүргізіледі

Тіл – ұлттың тірегі. Ұлттың ұлт ретінде дараланып, тарихы...

Заң консультанттарының міндеттері мен қызметтері туралы

       Заң консультанттарының міндеттері  мен  қызметтері  Қазақстан Республикасының 2018...