12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Аяқ астынан қауіпті кеселге орай енгізілген төтенше жағдай еліміздегі цифрлы жүйенің жайын айқындап берді. Нәтижесінде «онлайн оқытамыз» деп, ZOOM бағдарламасын істен шығардық, «42500»-деп Egov-та жұмысын тоқтатты, осылайша еліміздегі цифрлы жүйенің шын мәнінде сын көтермейтін жағдайда екенін ұқтық. Тіпті елімізде цифрландыру бағдарламасының айтылып келе жатқанына бірнеше жыл өтсе де, онлайн туралы түсінігіміз мүлдем жоқ екенін ZOOM бағдарламасын жаппай барлық ата-аналардың мұғалімдердің бұйрығымен телефондарына жазып алып, артынша қайтадан өшіріп, тұрғындар Egov-қа кіре алмаған соң, он күн бойына еліміздің IT мамандарының 42500-ді алу үшін түрлі жүйе пайдаланып, қоғамды сынақ алаңына айналдырғанынан-ақ байқауға болатындай. Тіпті жылдар бойына цифрлы жүйеге бейімделе алмай-ақ қойған ауылдарымыз түгілі Нұр-Сұлтан мен Алматының түбіндегілердің өзі ғаламторға жарып отырған жоқ.

Сондықтан цифрлы жүйеге бет бұрған талай ел ғаламтордың игілігімен онлайн жүйе арқылы оқушылармен байланыс жасап, онлайн сабақ түсіндіріп, білімдерін де онлайн бағалап жатқан тұста, біздің оқушыларымыз теледидарға телміріп, одан қалды ұстаздарының  whatsapp желісі арқылы ортақ топқа тастай салған тақырыптарымен 4 тоқсанды өткізуде. Бұған дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет теледидар мен смартфонға байланды. Шыны керек, whatsapp арқылы ұстаздардың оқулықтың әр бетін суретке түсіріп, «қалғанын теледидардағы апайдың айтқанымен түсініп алып,  маған, түсінгендеріңді жазып жіберіңдер» деуімен сапалы білім болмасы анық. Тіпті ғаламтор жетпей қалған аймақтардағы 20 мың оқушы тапсырманы конвертпен алып оқуда. «2017 жылы еліміздегі интернетті пайдаланушылардың саны 78,8 пайызға жетті» деген статистиканың да өтірік екенін байқап отырмыз. Өйткені жылдамдығы жоғары ғаламтор желісімен жаппай республика көлемінде қамтылсақ, онлайн оқу көзбояумен теледидар, конверт арқылы емес, атына сай онлайн өтер еді.

Айта кетерлігі, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 30 пайызы қашықтан оқуға дайын» деген болатын. Ал 16 наурыздан бастап жоғары оқу орындары мен колледждің қашықтан оқуға кіріскен студентерінің біразы ауыл маңындағы тау басы мен үй-үйдің төбесінде «цифрлы Қазақстанның» цифрсыз желісін қуалап жүр. Студенттерді әсіресе, сессияның нәтижесі алаңдатуда. Өйткені университет тәлімгердің сабаққа толық қатысуын талап ететін көрінеді. Студент тапсырма орындамаса, сабаққа қатыспағанмен бірдей болады. Ал таудың басында, желдің өтінде қуалап жүрген ғаламтор бірде бар, бірде жоқ.

Осы орайда айта кетер жайт, «2018-2022 жылдар аралығында елімізді цифрландыру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 141 миллиардтан астам теңге бөлінген болатын. Бағдарламаның енгізілгеніне екі жылдан асса да, қоғамның тең жартысы әлі күнге цифрланудан бейхабар. Тіпті дәл қазір 4 тоқсанды теледидар арқылы өткізуге де зар, еліміздегі 1200 елді мекеннің көп тұрғынында интернет пен компьютер тұрмақ, теледидар да жоқ екен. Сондықтан олар конвертпен оқуға мәжбүр. Осындайда көгершіннің қанатына конверт байлап ұшырмай отырғанымызға шүкір дейсің.

Төтенше жағдайдың басты талабы «үйден шықпа» болса да, ғаламтор қуалаған көпшілік тау тас кезіп жүр. Онлайн оқуды осы деп ұққан жұрт қазірдің өзінде онлайн оқудан шошып жүр. Алайда талай ел, талай ЖОО-ны бүгінде онлайн жүйеге өтіп студенттерін жер жерден жинап, онлайнның баршаға оңтайлы жүйе екенін іс жүзінде дәлелдеп отыр.

Сараптап қарасақ, біздің елімізде де балаларын Ресейдің онлайн мектептерінде оқытатын ата-аналар жетерлік екен. Олардың бірқатары балаларының уақытын тиімді пайдалану мақсатында, балаларының көп уақытын өзіне пайдалы істерге, шығармашылыққа арнау мақсатында осындай қадамға барса, енді бірқатары Ресейдің ең таңдаулы педагогтары сабақ беретін онлайн білім беру жүйесін сапалы білім кепілі санайды. Ал Ақтөбе, Атырау  қалаларында тұратын, қыздары орамал тағатындықтан мектептен шектеу көрген бірқатар ата-аналар Ресейдің онлайн мектептері арқылы балаларына білім алып беруді жөн көрген. Яғни онлайн жүйеде олардың орамалына ешкім ескерту айтпайды, басқалар тарапынан балалары көзтүрткі көрмейтіндіктен онлайн оқуды жөн санаған.  Сондай ата-аналардың бірі Роза «онлайн білім беру өте ыңғайлы» дейді.

Роза Есенқұлова, екі баласы Ресейде онлайн оқитын ана:

  • Біз биылғы оқу жылынан бастап балаларымызға онлайн оқуды таңдадық. Олар мектепке бармайды. Үлкені 7 сыныпта, кішісі 2 сыныпта Ресейдің онлайн мектебінде оқиды. Өкінішке қарай Қазақстанның білім беру жүйесінде онлайн білім алу мүмкіндігі болмағандықтан, біз Ресей мектебін таңдадық. Білім беру ақылы, әр балама айына 30 мың теңгеден төлеймін. Қосымша көмекші құрал пайдаланамыз. Оған тағы қосымша ақы төлейміз. Яғни қосымша балаларға сабақты жақсы түсінуге көмектесетін, түсінбеген сабақтарын қайталап оқытатын көмекші құрал тағайындалған. Балаларымды Ресей мектебіне ақылы оқытуға көшірген себебім, ең алдымен балаларымның уақытын тиімді пайдалануды қаладым. Шамамен балаларым күніне 5 сағат мектепте отырады екен. Оған барып келу жолын қосыңыз. Ал онлайн оқуда 2-3 сағат оқиды. Күннің өзіне ыңғайлы кез келген бөлігінде сабағын онлайн оқып алады. Ол үшін көлік тығынында тұрудың немесе уақыт жоғалтып мектепке барудың қажеті жоқ. Екіншіден балаларымның психологиялық жүктемесін азайтуды көздедім. Екеуі де мектепті бастан ұнатпады. Өзім психолог болғандықтан балаларымды зорлықпен мектепке күштеп апарып, ұрсып оқытуды дұрыс көрмедім. Онлайн оқыту мектепті жақсы көретін, көптеген достар тапқысы келетін балалар үшін қажет емес. Ал менің балаларымның табиғаты ондайды жақсы көрмеген соң күнұзақ 30 шақты баламен топырлап мектепте жүруінің қажеттілігі жоқ деп ойладым. Қазір балаларым бос уақытын спортқа, музыкаға арнайды. Яғни балаларымның жаны шығармашылыққа жақын. Балаларым мектептен араласатын достары болмаса да спорт пен музыка үйірмесінен тапқан достарымен араласады. Үлкен ұлым 6 жыл қазақ мектебіне барды. 7 сыныпты орыс тілінде жалғастырып жатыр. Бұрын кілең 3-тік бағалар алатын, қазір бағалары жақсарып келеді. Осыған қарап дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Ресейдің онлайн мектебінде әр бала үшін порталдан арнайы кабинет ашылған. Кабинеттерде сабақ кестесі кәдімгі мектептегідей орналастырылған. Бірақ сабақтар видео ретінде жасалған. Сабақ үлгерімі белгіленген журнал бар. Ол жерде балалар мен олардың ата аналары бағаларын көріп, сабақ үрдісін бақылап отыра алады. Бейнесабақтар арқылы Мәскеу мен Петербургтің ең үздік педагогтары сабақ береді. Мектептерде ең үздік ұстаз барлық оқушының маңдайына бұйыра бермейтін бақ болғандықтан, онлайн оқудың бір артықшылығы осы жақсы ұстаздардың қолжетімділігі дер едім. Онлайн сабақтардың барлығын ең білімді, ең заманауи, біліктілігі мол ұстаздар өтеді. Сабақ өткен соң түсінбеген тұстары болса қосымша кеңес алуға болады. Бірақ әр сабақ ежіктеліп, өте мұқият түсіндірілетіндіктен көп жағдайда оның қажеттілігі бола бермейді. Үй тапсырмасын орындар алдында бала өзінің білімін арнайы дайындалған дайындық тестері арқылы тексеріп көруіне мүмкіндік берілген. Яғни сабақты игергені бірнеше жүйе арқылы тексеріледі. Үй тапсырмасы жазбаша да, ауызша да тапсырылады. Ауызша сабақтар видео арқылы тапсырылады. Өлең оқып, немесе сабағын оқып тексеруге жібереді. Мұндай оқу жүйесінің бір артықшылығы бала өзіне жауапкершілік алып үйренеді. Оқу үрдісін бақылап, өз бетінше білім жинап үйренеді. Онлайн оқуда ата-аналар чаты, сынып жетекшілері де жоқ. Оның қажеті де жоқ деп ойлаймын. Әр баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып құрылған, ең жақсы платформада оқытылатын онлайн оқудың артықшылығы өте көп. Балаларымыз Ресей үлгісіндегі орта мектеп бітіргендігі жөнінде аттестат алады. 9 және 11 сыныптарда емтихан тапсыру үшін Мәскеуге барады. Өйткені емтихан оффлайн өтеді. Бұл аттестаттардың басқа аттестаттардан еш айырмашылығы жоқ, барлық елде жарайды. Тіпті балаңыз қаласа 4 тоқсанды күні бұрын оқып бітіруіне де мүмкіндігі бар. Барлық тоқсанның оқу үрдісі ашық орналастырылған. Немесе мамыр айына созып жүрмей, оқу жылын наурыз айында аяқтаса да болады. Жалпы өзімнің жанұям қазір еркін уақыт кестесінің көп артықшылықтарын сезініп жатырмыз.

Ата-аналардың Ресейдің онлайн мектебін таңдауы бекерден бекер емес. Демек сұраныс бар. Алайда қазіргі таңда Ресейдің онлайн мектебінде оқып жатқан балалар біріншіден орыс тілді ұрпаққа айналса, екіншіден Ресейдің тарихын оқитыны белгілі болып отыр. Өз еліміздегі орыс мектептерін жабумен алысып жүргенімізде онлайн оқу іздеген ата-аналардың Ресей асып білім іздеп жүргенін байқап отырмыз. Қазірдің өзінде кейбір білім сарапшылары үш ауысымды мектеп жүйесін жоямыз десек, мектептегі жөнді жөнсіз ақша жинауларынан, сынып қорынан арыламыз десек, балаларды мектепке тасудан шаршағандарға онлайн оқудың көптеген артықшылықтары бар екенін жасырмай айтуда. Демек карантинен соң біздің елімізде де сұранысқа сай онлайн оқытатын білім орталықтары пайда болуы әбден мүмкін. Сондықтан онлайн оқуға теріс қарап, көптеген алдыңғы қатарлы елдер қолдап отырған жүйеден сырт қалмай, біздегі онлайн оқу жүйесін дамытуды ойлау керек секілді.

Ұлжалғас Есназарова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:

  • Қазір көптеген ата-аналар баларының мектебіне бола орталықтан пәтер жалдап қиналып жүр. Егер онлайн оқу дамыса қала ішіне адамдар ұмтылмас еді. Көлік тығыны да азайып, аймақтардың дамуына да мүмкіндік туар еді. Онлайн өмірдің негізгі бөлшегіне айналғанын көріп отырмыз. Сондықтан ендігі жерде онлайн оқуды дамытуға күш салуымыз керек. Қазір олимпиадалардан орын алып, нәтиже көрсетіп жүрген балалардың бәрі қосымша курстарға баратындар. Таза мектептегі білімммен көшке ілескенмен, топ бастай алмайтынын бәріміз түсінеміз. Шыны керек, көптеген ата-ана қазір мектептегі жалпыға ортақ білім беру жүйесінен жалыққан. Оның орнына аз уақытта негізгі сабақтарын ғана оқытып, шығармашылыққа бейімі бар баланы спорттың түрлі салаларына, музыкаға, биге икемдегеніміз дұрыс емес пе?! Менің бір танысымның баласының тіл оқуға деген ынтасы өте зор. Бірақ басқа сабақтарды оқысы келмейді. Қазір онлайн оқиды, 5 тілде сөйлейді. Түрлі жарыстарға қатысады. Тіл жарыстарының жүлдегері. Шынымен сол балаға тіл білсе еңбек сабағына уақыт өлтіруінің қажеттілігі бар ма?! Сондықтан баланың тұлғалық дамуына қарай бейімделетін кез жетті.

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

[ratings]

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Неге алматылық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін таққанды ұнатпайды? Полиция статистикасы

Көптеген басқа қаладағы сияқты Алматыда да жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін таққысы келмеу үрдісі сақталған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.