12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЖАСТАРДЫ ЕҢБЕККЕ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІН ҚАЛАЙ ШЕШЕМІЗ?

Әлемге тараған індет тепсе темір үзетін жастардың өзін терезеден телміртіп, жұмыссыз қалдырды. Бұған дейін де аса ыңғайға келмей жүрген жастар арасындағы жұмыссыздықтың ендігі халі қалай болмақ? Бұл мәселені шешудің жолы қайсы?

Әділбек ҚАБА, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Тіл саясаты комитеті» төрағасының орынбасары:
– Жұмыссыздықтың астарында мемлекеттің жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған тиімді жоспарының жоқтығы жатыр. Неге? Біріншіден, байқасаңыз, жастарымыздың дені жоғары және орта білім беретін оқу орындарын бітірген, қолында дипломы бар азаматтар. Алайда, оқу орындары сол жастардың ертең жұмысқа тұрып, еңбек нарығында өз орнын табуына бас қатырмайды. «Еңбек нарығында қай салаға қанша маман керек?» деген сұрақпен шындап айналысып жатқан ешкім жоқ. Мемлекет түрлі гранттар бөліп, жастарды оқытып жатыр. Алайда, олардың ертең жұмыс таба алатынына ешкім кепілдік бере алмайды.
Жастардың жұмысқа орналасуына кедергі келтіретін тағы бір мәселе жұмыс берушілердің тек тәжірибесі бар адамдарды ғана жұмысқа алатындығы. Ешкім оларға мұндай талап қоюға қақың жоқ дей алмайды. Бұл заңда қарастырылмаған. Сосын арзан жұмыс күшіне қызығып, шетелден келгендерге іш тартамыз. Телеарналардағы әлеулім, қалаулымға қанша ақша кетіп жатыр.
Соның орнына жастарға мамандық таңдауға көмектесетін, бағыт-бағыт беріп, білімін жетілдіретін бағдарлама жасау әлдеқайда пайдалы болар еді… Ал, дәл қазіргі жағдайға келсек, бұл уақытша қиындық. Бірақ, осының өзі біздің біраз кемшілігімізді бетке басты. Басқаны айтпағанда, қарапайым медициналық маска тігуге қауқарымыз жоқ екенін білдік. Әбден дайынға үйреніп, алып-сатуды ғана білеміз. Бұл мемлекетке де, бізге де сабақ болды. Сондықтан ендігі мәселе жоспарлы түрде еліміздің барлық аймақтарында зауыт-фабрикалар салып, өндірісті өркендетіп, ауыл шаруашылығын қолға алуымыз керек. Сонда ғана, жастар арасындағы ғана емес, елімізде еңбекке қабілетті азаматтардың барлығының дерлік жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Бұл шаруаның  басы-қасындағы барлық сұрақтарды шешуді мемлекет өз мойнына алып, өнімдерді сату, шетелге өткізу мәселесін жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Жастар сол өңірлерге барып жұмыс істей алуы үшін жатақханалар салынуы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда жастар арасында неше түрлі толқулар, қылмыстар көбейеді. Жұмыссыздық жастардың дер кезінде шаңырақ көтеруіне де кедергі. Оның арты демографиялық ахуалымызды төмендетеді. Сондықтан, мемлекет бұл мәселені өтірік есеп үшін емес, ел қамы үшін жасауы керек. Онсыз болмайды.

Әлия БАРХАТОВА, әлеуметтанушы:
– Бүгінде төтенше жағдайға байланысты мыңдаған адам үйінде жатыр. Карантин жарияланған қалаларға
алыс-жақын елдімекеннен келіп жұмыс істейтіндердің барлығы дерлік қаладан шығарылды. Жұмыс берушілер
олардың бірін ақысыз демалысқа жіберсе, енді бірінің жұмысы уақытша тоқтап қалды. Мені алаңдататыны
«карантиннен кейін олар өз жұмыстарына орала ала ма?» деген сұрақ. Себебі, бұл жағдай жұмыс берушілердің қаржылық жағдайына да кері әсер етеді. Біразы төтенше жағдайдан кейін бас көтере алмауы да мүмкін. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлік саласы шығынға ұшырауда. Оның үстіне мұнай бағасының арзандап, доллар бағамының өсуі жалпы экономиканы тығырыққа тіреуде.

Қазір жұмыс берушілер өзінің кіріс-шығысын есептеп, басы артық шығынды азайтып, қаржылық жағдайын қайта шамалап жатыр. Мұнда шығынды азайтудың бірден-бір төте жолы жұмыскерді қысқарту. Демек,
алдағы алты айда жұмыссыздар саны рекордтық көрсеткішке жетсе, ол осы келеңсіз жағдайдың кесірі деп біліңіз. Қазір мемлекет те шығынға жұмыс істеп жатыр. Түрлі әлеуметтік төлемдерге енді табысынан айырылғандарға бағытталған көмек түрі қосылды. Алдын-ала бекітілген республикалық бюджеттің де есебін қайта қарауға тура келеді. Соған орай енді алдымен мына індеттен құтылудың амалын жасауымыз керек. Ең бастысы мемлекет халыққа қолдан келгенше көмек беруде. Сонау тоқсаныншы жылдары тығырықтан шыға білген халық бұл қиындықты да жеңеді. Бұрынғыдай емес, нарықтың да қырсырын біледі. Осы жолы отандық
өнім, өндіріс, шаруашылық дегеннің қадірі қатты сезіліп отыр. Бұл жағдай жастарға да ой салады деп ойлаймын. Олар енді қала жағалағаннан ауылда шаруамен айналысқан артық екенін түсінуде.

Сауалнаманы дайындаған Камила ЫСҚАҚОВА, «Заң газеті»

[ratings]

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...

ЗОЛОТОЙ МОСТ МЕЖДУ НАРОДАМИ

Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов посетил Казань в рамках официального...

КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОХРАННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

В Казахстане планируют ужесточить государственный контроль над частными охранными...

АСПЕКТЫ РАЗВОДА С ИНОСТРАНЦЕМ

Вступление в брак с иностранным гражданином – это другой...

СФЕРА АРХИТЕКТУРЫ И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВА

Одной из категорий споров, рассматриваемых административными судами, являются дела...