12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысында маска тігуге кәсіпорындар, білім мекемелері мен еріктілер атсалысуда

Халықты медициналық маскалармен қамтамасыз ету — күн тәртібіндегі мәселе. Осыған орай қазір Іле ауданындағы «Dolce farm» компаниясы тәулігіне 70 мың маска шығарып отыр. Оған қоса маска тігу ісіне ұсақ кәсіпорындар, білім мекемелері, еріктілер тартылып, олар медициналық маскаларды халыққа тегін үлестіруде. Бұл туралы Президенттің кешегі мәлімдесінде берілген тапсырмаларды өңірде орындау туралы облыс әкімі Амандық Баталов өткізген селекторлық жиында айтылды.

Мысалы, тек бір ғана Қаратал ауданының өзінде шағын бизнес өкілдері, білім мекемелері мен еріктілер өз күштерімен тәулігіне 3 мыңдай көп рет пайдаланатын маска тігіп отыр. Бұл жұмыс Іле ауданында да жолға қойылған, онда бір тәулікте 20 мың маска дайындалуда. Ал Талдықорғанда жекеменшік аптеканың басшысы 5 мың масканы халыққа тегін таратты. Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандарының бұл бағыттағы жұмысын облыс әкімі сынға алды. Бұл өңірлерде шығарылып жатқан масканың саны бұгінгі күнге жеткіліксіз, көбейтуді қажет етеді.

Облыс басшысы маска тігуге шағын бизнес нысандарына мемлекеттік тапсырыс беру жолын ойластыруды қарастырып, жеке гигиеналық құралдармен тұрғындарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету мәселесін одан әрі ширатуды тапсырды.

Атап өтсек, жалпы Алматы облысында тәулігіне әзірге 136 мың маска шығарылуда.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...