12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тимур БҰҒЫБАЕВ, студент: «Италияда науқастарды емдейтін орын жеткіліксіз»

-Италияда жүргеніңізге қанша уақыт болды? Қандай мақсатпен бардыңыз?

– Италияда тұрып жатқаныма үш жылдан асты. Осы жақтың оқу грантын ұтып алып, магистратураға оқуға түскем. Оқуым тегін. Қосымша қазіргі уақытта параллельді тезис жазып, интернационалды компанияда жұмыс істеймін. @tim_blancoo аккаунтыммен осы жақтың өмір сүру салтын, жалпы тұрмыс-тіршілігін жазып отырамын. Кеше коронавирустың дүрлігуі басталғанда да елге қайту туралы ойламадым. Өйткені, ең алдымен маған ата-анамның денсаулығы қымбат. Өзіммен ілестіре бару қаупі жоғары болғандықтан осында қалып, сақтанып, күтінуді көбірек қаладым. Мен тұратын шағын қалашыққа ең жақыны Рим. Римге дейін 3 сағат пойыз және 1 сағат автобусқа міну қажет. Осы 4 сағат уақыт ішінде вирустық ауруды жұқтырып алу мүмкіндігі өте көп. Сондықтан елге қайтуға тырысып, үрейге беріліп ұмтылудан гөрі, жылы орнымды суытпай отыруды жөн көрдім.
– Қазіргі карантиндік жағдай қалай?
– Бүгінгі күні барлық адам үйде отыруға міндетті. Мейрамхана мен кафе, сән салондары секілді қызмет көрсету орындарының барлығы жабық. Тек дәріханалар мен супермаркеттер ашық. Егер үйден шығатын болсаң арнайы декларацияны толтыруға міндеттісің. Онда аты-жөніңді, төлқұжаттағы мәліметтерді, қанша уақытта барып келетініңді, баратын межелі жеріңді жазуың керек. Егер ол парақшаны толтырмасаң 206 евро айыппұл салады немесе үш ай түрмеге қамайды. Жай серуендеуге немесе дене шынықтыру мақсатында жүгіру үшін шығуға да болмайды. Супермаркеттерде әрқашан кезек болады. Кезекте адамдар 1 метр арақашықтықты сақтауға міндетті. Арнайы қолғап киіп, маска тағып жүрміз. Барлық мектептер мен жұмыс орындары онлайн істеп жатыр.
– Індеттің белең алуының басты себебі неде деп ойлайсыз?
– Менің ойымша, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, көп адам басында вирусты жай тұмау деп қабылдады. Мән берген жоқ. Екіншіден, Италияның 33 пайызы қарт адамдар, оларға вирус тез жұғып, денсаулығы әлсіз жандарды қауіпті дерт тез жеңіп жатыр. Көпшілік ары-бері қыдырып жүре берді. Вирус бірінші Кодонье қаласынан шықты. Содан кейін-ақ, Италияның солтүстік аймақтарына жайыла бастады. Италия бірден 14 облысты қарантинге жапты. Ал, солтүстіктегілер дереу оңтүстікке қарай қаша бастады. Халық Миланнан
кету үшін барын салды. Тіпті пойызда орын болмаса да кетудің әртүрлі жолын қарастырды. Бір күннің ішінде қаланы карантинге жауып тастады. Қазір коронавирустан көз жұмғандардың санын айтпағанда, науқастарды емдейтін орын жеткіліксіз. Көшелерде патрульдік көліктер үйден шықпауымызды әр сағат сайын ескертіп айтып отырады.
– Елдегі тұтыну тауарларының, азық-түлік, дәрінің бағасын мемлекет қалай басқарып отыр?
– Азық-түліктің барлығы орнында. Тапшылық байқалмайды. Бағасы да сақталған. Дәрі-дәрмек бағасында өзгеріс жоқ. Тек медициналық маска, антисептик, қолғаптар тапшылығы туындап отыр. Еш жерде жоқ. Сондықтан өзім ғаламтор арқылы тапсырыс беруге мәжбүр болдым. Бәрі жақсы болатынына үміттенемін. Әлем болып бұл пандемияны жеңетінімізге сенемін.
– Сұхбатыңызға рақмет. Ауырмаңыз!

[ratings]

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...