12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АУДАНДЫҚ СОТҚА ТӨРАҒА БОЛУҒА ЫНТАЛЫЛАР НЕГЕ АЗ?

Аудандық сот төрағасы болуға талпынатындар саны сиреп барады. Соның кесірінен шалғай аудандағы соттардың біразы жетекшісіз жұмыс істеуде. Абыройлы саналатын қызметке келуге неге көпшілік қызықпайды? Төрағалардың бос тұрған орындарына үміткерлерді көбейту үшін не істеген жөн? Осы сауалдарды мамандарға қойған едік.

Гүлажар БАҚЫТЖАНОВА, Маңғыстау облыстық сотының судьясы:
– Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық сотының төрағасы А.Исмагуловтың «Заң газетінде» жарық көрген
«Судьялар неге төраға болуға талпынбайды?» деген мақаласы судьяларды көптен бері толғандырып жүрген мәселенің бірі. Әріптестерім секілді мені де осы сұрақ біраздан бері мазалайды.
Шын мәнінде, аудандық сот болуға кедергі келтіретін тетіктерді әріптесіміз өте орынды атап өткен. Мен қазіргі таңда судьялық 15 жылдық жұмыс өтілі бар облыстық соттың судьясымын, аудандық соттың төрағалығы сатысынан мен де өттім. Жас та болсам бас болып, соттың абыройы мен беделі – сот төрағасының жеке басының абыройы мен беделіне тікелей қатысты екенін сол кезде сезінгенмін.

– Ал, қазір ше? Маңғыстау облыстық сотына тоқтала өтсек, бүгінде 3 аудандық сот төрағасының орны бос тұр. Бұл аудандар шалғай жерде орналаспаған, соған қарамастан осы жерде судья қызметіндегі жастар бос орынға қызықпайды… Неге? Себебі мақалада айтылғандай төраға болуға ынталандыратын тетік жоқ. Сондықтан, төрағалық қызметті абыроймен атқарған судьяларды ынталандыру жағы қарастырылу қажет. Кейде аудандық сот төрағаларының да өз қызметіне немқұрайлы қарап, тек заңмен белгіленген уақытты тез атқарып, қалаға қарай ұмтылып, жанұяларын ауылға апармайтыны ащы болса да шындық… Алайда, сол тізбектелген қиындықтарға қарамай, «ауылым – тал бесігім» деп өңірдің мәдениеті мен өмір сүру салтын ұғынып, сол ауылдың ақсақалдарының әңгімелеріне сусындап, мол тәжірибе жинауды мақсат ететін жастардың барына мен сенемін! Тек олардың биікке жетуіне қажетті жағдайды жасай алсақ болғаны.

Ернар ҚАСЫМБЕКОВ, Алматы қаласы Алмалы аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы:
– Бұған дейін төрт жыл Алматы облысы Текелі қалалық сотының төрағасы болдым. Қазіргі уақыта Алмалы аудандық соты төрағасының міндетін атқарып отырмын. Сондықтан маған тақырып жақсы таныс. Жалпы төрағаның жұмысы өте қиын. Әсіресе, аудандық сот төрағаларының мойнына артылған міндет пен жауапкершілік жүгі ауыр.
Өйткені, бұл соттар бірінші сот сатысы болғандықтан істің барлығы алдымен сонда түседі. Соған сай жүктеме
де көп. Мысалы қазір сот төрағасы міндетін атқарып отырғандықтан жұмыс кестем таңғы сегізден түнгі он, он бірге дейін созылады. Кейде үзіліс жасауға мұрша болмайды. Соған қарамастан, төрағаның айлығы судьялар жалақысынан жеті пайыздай ғана артық. Сөзім дәлелді болуы үшін сіздерге бір күндік жұмыс кестемді айтып берейін. Таңғы сегізден тоғыз жарымға дейін тапжылмай отырып сот поштасына түскен кіріс хаттарды судьяларға бөліп, олармен танысып сот кеңсесіне тапсырма беремін. Бұл күн сайын қайталанатын үрдіс. Одан кейін Жоғарғы Соттан, қалалық соттан бақылау тапсырмалары түседі. Онымен танысып, орындалуын қадағалап, тапсырма беріп, статистикасын бақылап, қандай санатта қандай істер қаралып жатыр, ол бойынша республикалық практика қандай, қорытуларды қарап, талдайсың тағы да басқа жауапты жұмыстардың ортасында жүресің. Мұның сыртында күн сайын бір сағат уақыт бөліп сотқа келуші азаматтарды қабылдап үлгеруің керек. Келген істерді судьяларға компьютер бөледі. Одан кейін сот төрағасы қай іс қай судьяға түсті, әр іспен жеке-жеке танысып, мамандану сақталды ма, сақталмады ма, бәрінен хабардар болып, мұнымен қоймай, арасында күрделі істер болса жоғары тұрған соттарға ақпарат беру керек. Осылайша, бір күннің тең жартысында төрағаның тікелей міндетін іске асырсақ, қалған уақытта іс қараймыз. Сот төрағасы болғандықтан қарайтын ісің де күрделі. Түстен кейінгі сағат 15:00 ден 18:30 дейінгі
аралықта сот процесін жүргізсек, іс жүзінде үкім жазуға уақыт жетпей қалады. Сегіз сағаттық жұмыс уақыты бітті деп үйіңе қайтып кетпесің тағы анық. Түнгі он-он бірге дейін үкіммен жұмыс жасауға тура келеді. Сосын, сот төрағасына сұраныс көп. Әрбір судья үшін, әр кеңсе маманы үшін жауап бересің. Тіпті олардың әлеуметтік проблемаларынан да хабарың болуы керек. Себебі сот төрағасы сыбайлас жемқорлықтың алдын
алуға да жауапты. Камерадан кімдер кіріп шығып жатқанына дейін қадағалап, барлық жағынан қырағы болуың қажет. Судьялар да мұны біледі. Содан келіп көбісі мұндай жауапкершілікті мойнына алғысы келмейді. Жалақының аздығы, жауапкершіліктің көптігінен судьялар төраға болуға қызықпайды.

Сауалнаманы дайындаған Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ, «Заң газеті»

[ratings]

Қуандық Бишімбаевтың сотында көріпкелден жауап алынады

Қуандық Бишімбаевтың сотында ол кеңес алу үшін жүгінген көріпкелден жауап алынады.

Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 23 сәуірде Астана уақытымен 00:09-да тіркеген.

«МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ: журналистердің кедергісіз жұмыс істеуіне жол аша ма?

Алдағы уақытта желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктер «интернет-басылым» деген бірыңғай ұғымға біріктірілетін болды. Енді осындай атау иеленген басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылмақ.

Биыл Қазақстанда қандай ұзақ мерзімді жол құрылыстарын аяқтау жоспарланған?

2024 жылы 3,1 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 1,9 мың шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. 

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанға 8 градусқа дейін күн суытады. Синоптиктер 23, 24 және 25 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.