12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БІРЛІК пен ТӨЗІМ СЫНАЛАР СӘТ

КЕЗ КЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ӨТЕ ШИЕЛЕНІСТІ СӘТТЕРДЕ ҒАНА ЖАРИЯЛАНАДЫ. ӘРБІР АЗАМАТ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ СЫНАЛАТЫНЫ ДА ОСЫ ШАҚ. БҮГІНГІДЕЙ ДҮРБЕЛЕҢГЕ ТОЛЫ ДҮНИЕДЕ КӨЗСІЗ ЕРЛІК ЕМЕС, КӨПШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОРТАҚ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ, ӨЗІМЕН ҚАТАР ӨЗГЕНІҢ ДЕ ӨМІРІ ҮШІН АЛАҢДАУ МАҢЫЗДЫ. ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІДЕЙ БІЗДІҢ ЕЛДЕ ДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАРДЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ. ІНДЕТ ОШАҒЫ БОЛҒАН КӨРШІ ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ АУРУДЫҢ БЕТІН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРҒАНЫНА БҮГІНДЕ БҮКІЛ ӘЛЕМ НАЗАРЫН ТІГІП ОТЫР. БІРАЗ УАҚЫТТЫҚ ЖАНКЕШТІ ЕҢБЕК, МАҢДАЙ ТЕР, ТҮРЛІ ҚҰРБАНДЫҚТАР МЕН ЕСЕПСІЗ ШЫҒЫН. БІРАҚ, МҰНЫҢ БӘРІ АЛЫП МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАЛАЙЛАРДЫҢ АЖАЛЫНА СЕБЕПКЕР БОЛҒАН ІНДЕТТІ АУЫЗДЫҚТАҒАНЫНЫҢ ҚАСЫНДА ЕШТЕҢЕ ЕМЕС. ЕНДЕШЕ, АТАЛМЫШ АУРУ ӨЗ ЖЕРІНДЕ ЕНДІ АСҚЫНА БАСТАҒАН ЕЛДЕР ҮШІН ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨТЕ ҮЛКЕН МАҢЫЗҒА ИЕ.
Төтенше жағдайдың әлемдік статистиканы күн сайын, сағат сайын өсіріп отырғаны жағдайдың қаншалықты күрделі екендігін сездіреді. Ендеше, елдегі қабылданып жатқан әрбір шешім мемлекеттің бұл істе қаншалықты пәрменді жұмыс жүргізіп жатқанын көрсетеді. Наурыздың 22-сінен басталған Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы карантин, өзге облыстар мен қалалардағы залалсыздандыру жұмыстары көп қауіптің бетін қайтаратыны анық. Дегенмен, менталитеттік наным-сенім, қатып қалған қағидалар елдегі төтенше жағдай тәртібіне біршама кедергі келтіретіні тағы бар. Қауіпті дерттің бетін Қытай мен Оңтүстік Корея темірдей тәртіптің арқасында ауыздықтады. Оңтүстік Корея тәжірибесінің озықтығы, медицинасы мен жедел іс қимылдары әлем үлгі алатын
тәсіл екендігі бүгінде аз айтылып жатқан жоқ. Ал, еркін, қамсыз қалыпты ұстанған Италияның статистикасы күн сайын шарықтап барады және қаза тапқандар саны да қамсыз елдің қапы қалатынын көрсетіп жатыр. Жүректі ауыртар статистика «Еуропаның жүрегі» саналатын сымбатты халықтың трагедиясына айналды. Иран, АҚШ, Испания, Ұлыбританиядағы қайтыс болған адамдар саны да бұл мәселеде кез келген мемлекетке, кез келген адамға қамсыз болмау керектігін көрсетті. Ендеше, Қазақстан билігінің әрбір шешімі әрбір азаматының өмірі үшін күрес жолындағы абыройлы әрекеттер. Әлемнің 428 мыңға жуық адамына жұғып, 18 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған ауру қай қайсысымызға да қамсыз болмауымыз керек екенін көрсетті.

Блок-бекеттерді айналып өту – карантиннен қашу
Осы жолы төтенше жағдайдың басты шарты «үйден шықпа» болды. «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды». Бірақ, осы сөзді елеп, тәртіпке бағынғаннан гөрі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы блокбекеттерді елеместен кіріп-шығуға талпынғандар көп болды. Жасырын жолдар мен өзендерді кешіп өтіп немесе пара беріп өтпекші болғандар да табылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдайдың 5-ші күнінде тәртіп бұзған 143 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Оның ішінде рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істеген дәмханалар мен мейрамханалар бар. Алматы қаласы бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 84 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 73-і рұқсат етілмеген аймаққа өткені үшін, 11 кәсіпкер тәртіп бұзғаны үшін жазаланған. Құқық қорғау орындарының көмегімен медициналық бетперденің бағасын көтеріп сатқан 9 дерек анықталып, 4 миллионнан астам медициналық бетперде тәркіленіп, Алматы қалалық Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасына берілген. Мамандар төтенше жағдайға кедергі жасаған мұндай әрекеттердің барлығының қоғам үшін кері әсері зор екенін айтады.

Өзбекстанда бетпердесіз жүргендер айыппұл төлейді
Көрші ел де сақтық шараларын күрт күшейтті. 25 наурыздан бастап көшеде бетпердесіз жүргендерге қомақты айыппұл салынуда. Ереже бұзған адам 223 мың сум (23 АҚШ доллары) төлеуге міндетті. Егер заң бұзушылық
екінші мәрте қайталанса, 669 мың сум (70 АҚШ доллары) айыппұл арқалайды. 23 доллар дегеніңіз – Өзбекстандағы ең төменгі жалақы мөлшерімен тең. Ал, бұл елде медициналық бетперде тегін таратылған.

Лондондағы жағдай әлдеқайда күрделі
Қазір Лондонда жүрген журналист, мәдениеттанушы Әсия Бағдәулетқызы мәселе біз ойлағаннан да күрделі дейді. Ол әлем қазір «соғыс жағдайында, оның ішінде көзге көрінбейтін жаумен соғысуда» деген пікірде.
…Британияда да ауру бір жарым ай бұрын 1 адамнан басталған. Қазір 71 адам қайтыс болды, 2000 адам дертті. Бұл 50 мыңға жуық адам тест тапсырғанда анықталған. Билік аурулар саны 10-20 мың үстінде дейді,
тек бәрін анықтауға тест жетпей жатыр. Лондонда паб-мейрамханалар жабылмады, мектептерді бүгін ғана
жапты, транспорт жүріп тұр. Бірақ, көшеде кісі саны күрт азайды. Дүкендер бос. Батыста жағдай ушығып тұр, бірақ Қазақстан мені көбірек алаңдатады. Өйткені батыста жетпей жатқан аппараттар Қазақстанда жетпейтіні
екі бастан. Әрі қалаға әскер кіргізіп карантин жариялап жатса туған күн тойлағысы келетін, намазды мешітте оқығысы келетін бейғам халқым бар. Біз бір-бірімізді шайға шақырып, той тойлағанды жақсы көреміз ғой. Қазір бір-бірімізді жақсы көргенімізді, бағалайтынымызды кездесуге бармай, алақан беріп амандаспай көрсетуге қажетті уақыт» – дейді.

Індет АҚШ-ты да әбігерге салды
АҚШ-тың Калифорния штатында жүрген қазақстандық Берік Сұлтанның пікірінше, «бұл бүкіл әлемнің
басына түскен сынақ». Лос-Анжелестің көшелерінде қазір әншейінде сабылып жүретін халық мүлдем жоқ. Тамақтану орындарына алдын ала тапсырыс беріп, алып кетуге болады. Бірақ, ол жерде тамақтануға рұқсат
жоқ. Спорт залдар мен фитнес залдар да жабық. Сауда орталықтарының көбі жұмыс істемей тұр. Халық өз денсаулығына алаңдайтыны көрінеді, олар бәрін жауып, үйлерінен шықпауға бекінген. Ең сұмдығы мұнда халық сақтауға болатын су, әжетхана қағазы, азық-түлік секілді заттардың бәрін талап алып кеткен. «Қарапайым су таппай қалғанда таң қалдым. Ешқашан су таппайтын күн болады деп ойламаппын. Соғыс
кезеңі емес, бейбітшілік заманда осындай әрекеттер орын алғанына қарның ашады. Әлдене іздеп дүкенге кіре қалсаң таппайсың, тапсаң да сағаттап кезекте тұрасың!» – дейді Б. Сұлтан.

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.

Шоқан ОРАЗАЛИН, Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы: «ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚША ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ»

Мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясаты саласындағы көңілге кірбің шалдыратын түйткілдерді шешу бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, елдің ертеңі болып табылатын балалардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіру – ұрпақтар сабақтастығының аса өзекті тұсы. «Тәрбие – тал бесіктен» десек те, қазіргі таңда балабақшадан бастап, жалпы орта білім беретін мектептерде мемлекеттік тілдің деңгейін көтерудің аса маңызды екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қоғамда «теріскей облыстар орыстанып кеткен» деген қасаң көзқарас қалыптасып қалғаны рас.

ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жолындағысын жайпап өткен ағын су Ақмола облысының да ондаған елді мекенін басып, кейбірін күні бүгінге дейін сыртқы әлеммен қатынассыз, жарықсыз әрі сусыз қалдырған. Өңірде осыған дейін Атбасар, Астрахан, Бұланды, Есіл және Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланған еді.