12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН КҮН

Жаратылыстың барлық құбылысы тепе-теңдік заңдылығына бой ұсынып, табиғи түрде үйлесім табатын Наурыз – хан мен қарашаның басын бір дастарқан басында тоғыстыратын сәт. Тіпті, бағзы замандарда хандарымыз осы күні өз тағын уақытша халықтың қарапайым өкіліне босатып берген екен.
Шындығында Наурыз мерекесі жыл басы ретінде шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ халқының барлық танымын, салт-дәстүрін, философиясын көрсететін, халқымыздың дара болмысын паш ететін – үлкен құндылық. Сондықтан, қазақтың арада жылдар өткізіп, яғни, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында өзінің төл жаңа жылымен табысуы санамызға сілкініс әкелген тарихи оқиға болды. Бұл мерекенің еліміздің өңірлерінде аталып өтуі әрқалай болса да, оның түпкі мағынасы, жалпы, маңызы ортақ. Бұл мейрам бүгінде қауышу, бірігу мейрамына айналғандай. Наурыздың халықтық мейрамға айналуына әсіресе, оның басты белгісі наурызкөженің ықпалы зор. Наурызкөже бұл мерекенің сипатын, маңызын аша түсті. Наурызкөже алысты жақындатып, араздасқанды татуластыратын, туыс-туғанның сыйластығына дәнекер
болатын тетікке айналды.
Жалпы, Наурыз мейрамының ұлтты біріктіретін, ұйыстыратын үлкен күші бар. Сонымен қатар бұл мерекеде елімізді халықтық келбетімізді, құндылықтарымызды дәріптеп, ұрпақ санасына тілге, дәстүрге, тарихымызға деген құрметі мен қызығушылығын қалыптастырудың үлкен мүмкіндіктері жатыр. Өкінішке орай, бүгінде олардың көбі пайдаланылмай отыр. Тіпті, Наурыз мейрамы жыл басы ретіндегі өзінің толық мәртебесін иеленген жоқ. Соның салдарынан Наурыз көп жағдайда күнтізбедегі жаңа жылдың көлеңкесінде қалып отыр.
Әр аймақтағы жаңа жыл мен Наурызды тойлауға бөлінетін қаржының көлемі-ақ бұл мерекенің ұлтымыз үшін маңызының толыққанды бағаланбайтынын көрсетсе керек. Жаңа жыл қарсаңында бір ай бұрын шырша тігіліп,
жұртшылық айналадағы өзгерістен оның жақындағанын сезсе, өзіміздің төл мерекеміз Наурыз мейрамының қарсаңында мұндай шаралардың жасалуы тым сирек, тіпті жоққа тән десе болады. Тоқетерін айтқанда, Наурызды тойлау қазақтың мемлекет, халық ретіндегі мәртебесін көтеріп, айбынын асыру екенін ұғыну кемшін. Ұлт жанашыры Дос Көшімнің «Жалпы, жылдың ауысуында, мүшел жастың келуінде – қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдеті, космологиялық түсінігі, философиясы жатыр. Халқымыз үшін күн мен түннің теңелген сәті дүниенің жаңғырып, жаңа кезеңге қадам басуы ретінде санаға сіңген. Сондықтан, біз үшін орыстың жаңа жылы емес, өзіміздің әз-Наурызымыз – жыл басы. Сондықтан оны қазақтың жаңа жылы ретінде мәнін арттыру керек. Бұл күнді мекемелерде немесе арнаулы орындарда жасанды көріністермен атап өтпей, халықтың өзі еркін сипатта тойлағаны жөн. Қалаларда бір көшенің тұрғындары өзара бас қосып, ұйымдастырып жатса, онда сондағы қауымның бір-бірін танып, бірігуіне себеп болады. Мысалы, өзім тұратын үйдегі көршілер соңғы жылдары Наурызды осылай атап өте бастадық, онда бәрі аулаға жиналып, наурызкөже таратып, ұлттық ойындардан, ән мен би жарысынан байқаулар ұйымдастырады. Сыйлықтар табыс тайды. Меніңше, осылай тойлау халықтың төл өнерімізге деген құрметін, оларды үйренуге деген ынтасын арттырады. Тойдың ұлттық, халықтық сипатын көрсетеді. Шын мәнінде бұл мейрам ұлттың бар екенін, оның мәдениетінің тірі екенін көрсету, сол арқылы өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудың ықпалды тетігі»,– деген сөзінің жаны бар. Наурыз мейрамы еліміздің өшкенін жағып, өлгенін тірілтетін ұлық мейрам. Сондықтан оны тойлау – қазақтықтың, ұлттық мерейіміздің салтанаты. Тәңірдің осы тартуын ұлықтау біздің халқымыздың еңсесін биіктете берері хақ. Ұлыс оң, Ақ мол болсын, Табалдырықтан аттаған әз-Наурыз әр шаңыраққа құты мен берекесін сыйласын!
А.ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.