12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫН ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛҒАНДАРДЫҢ НЕСИЕСІН ЖАБУҒА ЖҰМСАУ КЕРЕК

Зейнетақы қорындағы қаржыны карантиннің кесіренен жұмыссыз қалған жұрттың несиесін жабуға жұмсау керек. Еліміздің бірқатар экономистері осындай ұсыныс жасап отыр. Тым құрығанда Елорда мен Алматы халқы үшін көмек көрсетілсін, дейді олар. Вирустың салдарынан үйінде қамалған халықты неше күннен бері несие мәселесі алаңдатып отырғаны рас. Бұған қатысты елімізің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымы Мәдина Әбілқасымова үкімет отырысында мәлімдеме жасады. Қиын жағдайға тап болған жұрттың кредитін жабуға қандай да бір көмек бола ма, қаржыгерлер не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай талай жанды тығырыққа тіреді. Ірі шахарларда сауда орындары жабылып, жүздеген сатушылар мен күзетшілер жұмыссыз қалды. Оған қызмет көрсету саласының мамандарын қосыңыз. Үйіне қамалған жұртқа жұмыс беруші айлық төлей ме жоқ па, ол жағы кәсіпкердің адамгершілігіне және қаржылық жағдайына байланысты екені анық. Өйткені бизнес өкілдеріне де оңай тиіп тұрған жоқ. Көбі тауар айналымына деп несие алған.

МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: “Осыған орай, банктер және микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдер мерзімін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жұмысын жүргізуге тиіс”.

Жалпақ тілмен айтсақ, бизнес өкілдері үшін үш айға несие каникулы жарияланды. Осы уақыт ішінде аяқтарынан тұрып, шаруаларын қайта дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік бар дегей оймен сірә. Егер кәсіпкер бұл жеңілдікті пайдаланса, оның банк алдындағы қарызының аяқталу мерзімі үш айға автоматты түрде созылады деген сөз. Алайда тұтынушы несиесін алған қарапайым халық үшін мұндай жеңілдік жоқ.

МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: “Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Үкіметтің биылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген, кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде, төтенше жағдай кезеңінде және бұдан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі. Бұдан әрі аталған шара заңнамалық негізе енгізілетін болады”.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі төрайымының сөзін ресми тілден аударсақ, жағдай былай — сізді несие төлеуден ешкім босатпайды. Тек жағдайыңыз қиындап, кезекті айдағы кредитіңізді жаба алмасаңыз, өткізіп алған күндеріңіз үшін айыппұл ғана төлемейсіз. Ал негізгі қарызыңыз қордаланып тұра береді.

НҰРЖАН БИЯҚАЕВ БАНК САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: “Несие каникулын Үкімет тек бизнес өкілдеріне ғана жариялап отыр, ал қарапайым халық үшін мұндай жеңілдік қарастарылымаған. Егере 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында сіз несиеңізді өтей алмасаңыз, сізге тек айыппұл ғана жүрмейді. Ал негізгі төлем сол күйі тұрады. Төтенше жағдай мерзімі аяқталысымен , яғни 16 сәуірден бастап , өтелмеген несиеге айыппұл қоса жүре бастайды”.

Бұл жағдай халық арасында наразылық тудыратыны рас. Экономист Нұржан Бияқаев дәл осындай қиын қыстау кезде зейнетақы қорындағы қаржыны алуға рұқсат беру керек дейді. Тым құрығанда қамауда қалған Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының халқы үшін. Қазір еліміздің зейнетақы қорында 6 триллион ақша бар екен. 1 триллион қаржыны еліміздің 12 банкінің депозитеріне салып қойыпты.

НҰРЖАН БИЯҚАЕВ БАНК САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: “Егер Үкімет төтенше жағдайды пайдаланып, тұрғындардың зейнетақы қорындағы ақшаларын ішінара пайдалануға мүмкіндік берсе, жақсы болар еді. Экономист ретінде осындай шешімді дұрыс деп санаймын. Бұл әлеуметтік ахуалды ушықтырмауға да сеп болары сөзсіз”.

Қазір жеке тұлғалардың жалпы несие қарызы 14 триллион теңгені құрап отыр. Бұл еліміздің бір жылдық бюджетінінен де артық сома. Олардың бәріне бір мезетте несие каникулын жариялау банк секторы үшін ауыр тиетіні сөзсіз. Бұл ел экономикасына қауіпті дүние. Үкіметтің жеке тұлғаларды төтенше жағдай кезінде несиеден босатпауының бір себебі де осы. Есесіне Мәдина Әбілқасымова кредит тарихы нашар жандарға жақсы жаңалық айтты. Егер бұрыннан қордаланып қалған борышыңыздың осы күндері жартысын өтесеңіз, сіздің аты жөніңізді қара тізімнен сызып тастамақ.

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Неге алматылық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін таққанды ұнатпайды? Полиция статистикасы

Көптеген басқа қаладағы сияқты Алматыда да жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін таққысы келмеу үрдісі сақталған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.