12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БАҒАНЫ ҚАЛЫПТЫ ҰСТАУҒА ҚАРЫМЫМЫЗ ЖЕТЕ МЕ?

Бірнеше күннен бері елімізде тауарлар бағасының көтерілгені байқалады. Төтенше жағдайды пайдасын еселеудің көзіне айналдырғандарға тоқтам болмай тұр. Мәселен халық бұрын 20 теңгеден алып келген медициналық маска қаланың бір жерінде 85 теңгеге, келесі бір жерінде 200 теңгеден саудалануда. Бағаны қайтсек тұрақтандырамыз?

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономист:
– Бағаны бақылауда ұстап отыру үшін ең алдымен ұлттық экономиканы дамытуымыз керек. Тек мұнайға иек артып отыра бермей, ең болмаса азық-түлікті өзіміз өндіруге күш салуымыз қажет. Киімді сырттан сатып алсақ та, азық-түлікті өзіміз өндіргеніміз жөн. Бұл біріншіден, азық-түлік бағасының тұрақтануына, екіншіден, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. «Ауру астан» деп бекер айтпайды. Сондықтан ең болмаса құрамы сапалы, бағасы тұрақты, қалтаға сай азық-түлікті өзіміз өндіріп отырсақ көп нәрседен ұтар едік. Өз өнімімізді өндірсек теңге отандық тауарға негізделеді де, оның құны тұрақтанады. Бүгінгідей қаржылық құлдырау болмайды. Біреудің өніміне тәуелді болып отырғандықтан, тауар бағасын бақылау мүмкін емес. Өйткені бұл өндірушінің қалауындағы дүние. Тауарлардың құны доллармен есептеліп келіп жатқандықтан, әрине елдегі, қымбатшылыққа доллар құнының өсуі әсер етері күмәнсіз. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, коронавирустың ел ішін әбігерге салуы да бағаның өсуіне әсер етіп жатыр. Бір өкініштісі, бағаның неге көтерілетінін білсек те, алдын алу шаралары ескерусіз қалуда. Әйтпесе, ел ішіндегі қымбатшылықтың себебі бірнеше жыл бұрын айтылды ғой. Өндіріс жағынан мықты Қытайда коронавирустың кесірінен тауар айналымы 11 пайызға төмендеді. Енді олар соны қалыпқа келтіруге тырысады. Ал біз неше жылдан бері тұралаған экономикамен теңгенің құнын ұстай алмай отырмыз. Мұнайды немесе коронавирусты сылтаурата бермей, бағаның тұрақтануына мемлекет тарапынан жұмыстар жүргізілуі керек. Арнайы құзырлы орындар заң аясында баға саясатын тұрақтандыруға жұмыс істесе баға мұншалықты бетімен кетпес еді. Қазақстан 30 жылдан бері не қаламсап, не көпшіліктің сұранысына ие телефон өндірген жоқ. Ашылған өндіріс орындарының жабылуы тез. Мұндай көзбояушылықтан кім ұтты, кім ұтылды? Еліміздегі еңбек өнімділігі батыс елдерінен 8-10 есе төмен. Сондықтан өндіріс орындарын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан бөлінген қаржы қайда кетті, олар неге аяққа тұрып кете алмады деген сұрақтарға жауап іздеп, қажет болса ортақ қаржыны талан-таражға салғандарды жазалайтын уақыт жетті. Дәл қазір осы бағытта жұмыс істемесек, бағаны алдағы уақытта да ауыздықтай алмаймыз.

Мырзабек БЕКБЕРДІ, заңгер:
Еліміздегі бағаны тұрақтандыруға қатысты арнайы заң қабылдап, тиісті орындар тарапынан қадағалауды күшейтуіміз керек. Оған коронавирусты немесе мұнай бағасының құлдырауы сылтау болмауы тиіс. Шындығында бағаның бақылаусыз екені ешкімге жасырын емес. Коронавирус келмей-ақ, мұнай бағасы тұрақты кезде де зейнетақыға ақша қосылса азық-түлік қымбаттап, Құрбан айт келсе мал бағасын аяқ асты көтеріп жатқан елміз ғой. Сондықтан, бұл жерде бағаға бақылау жасай алмай отырғанымызды мойындауымыз керек. Нақты әрекеттерге барсақ қаржылық секіріс мұншалықты қараусыз қалмас еді. Осы ретте бағаның негізсіз көтерілгенін байқаған халықтың кез келген уақытта хабарласып, шағымын қалдыратын Сall орталықтарды іске қосқан пайдалы. Әрбір тұрғынның ескертуі назарға алынып, артық пайда тапқысы келгендерге құзырлы орындар көлемді айыппұл сала алатындай пәрменді болса, бұл түйткілді шешуге болады. Дегенмен, мұның барлығы заңмен бекітілуі керек. Былтыр дәрі бағасы 3 есе қымбаттады. Соған қарамастан дертіне дауа іздеген халық амалсыз алды. Кейін дәрі бағасының негізсіз көтерілгені белгілі болды.
Алайда халыққа артық кеткен ақша қайтарылған жоқ. Тиісті орындар да кінәлілерге айыппұл салумен шектелді. Сондықтан, бұл жерде бұлтартпайтындай, халық пен құзырлы орындардың бірлескен, бағаның негізсіз көтерілуіне қарсы әрекеттерін ұйымдастырғаны маңызды. Бағаның бетімен кетуі мемлекет үшін де тиімсіз. Халықтың зейнетақысы мен жәрдемақысына қосылған үстемеақы көрінбейді. Көбейген зейнетақыны инфляция жеп қойса, халықтың әлеуметтік жағдайы да көтерілмейді. Сондықтан, ендігі жерде нақты әрекеттерге барып, бағаны тұрақтандыруға тырысуымыз керек.

Сауалнаманы әзірлеген Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

[ratings]

 

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...