12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АҚПАРАТТЫҢ ӨЛШЕМІ ЕМЕС

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУШЫЛАР ҚАЙ ҚОҒАМДА БОЛСА ДА АЙЫПТАЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС ӘРТҮРЛІ ЖАЗАЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ. МӘСЕЛЕН, 2015 ЖЫЛЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСТЕ БҰНДАЙ ӘРЕКЕТТЕР 274-БАПҚА ЖАТҚЫЗЫЛАДЫ. ЯҒНИ, ӘРБІР АҚПАРАТТЫҢ САЛМАҒЫ БАР. АЛАЙДА, ЕЛДЕГІ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАТАЙТЫЛҒАНМЕН, БҰНДАЙ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ТОҚТАУ БОЛМАЙ ТҰР.

Жекелеген топтық чаттар мен кейбір әлеуметтік желілер өкінішке қарай бүгінгі таңда жалған ақпарат тарату мен жеке бас құпиясын жария етудің, біреудің шекерасына, жеке кеңістігіне өтіп кетудің құралы болып отыр. Мәселен, бұған дейінгі емес, соңғы күндердегі ғана уатсап желісі арқылы әр мектептің, әр сыныптың чатын шарлап жүрген мына ақпаратқа назар аударайық. «В порядке оперативного информирования сообщаем, что 07.03.2020 года в дежурную часть УП Талгарского района поступило сообщение от …….. 23.08.1989 г.р. проживающая по адресу Талгарский район, с….., ул….., дом …..о содействии в поиске ее несовершеннолетней дочери …….04.07.2012 г.р. В ходе выяснения обстоятельств установлено, что 07.03.2020 года примерно 18:30 часов несовершеннолетняя …..вышла из дома и не вернулась домой, затем родителей несовершеннолетней начали ее своим силами искать, также об этом факте сообщили в полицию. После этого, совместными усилиями несовершеннолетнюю обнаружили в подвальном помещении расположенного по адресу: Талгарский район, с….., ул….., дом … вместе с …….16.02 1990 г.р. проживающий по адресу Талгарский район, п….., ул. …..дом…., который применив насилия хотел вступить с ней в половой контакт. В настоящее время несовершеннолетняя для обследования врачами направлена в ЦРБ г.Талгар. На место происшествия выезжали СОГ УП Талгарского района, прокурор района, заместитель прокурора района, дежурный прокурор. Данный факт зарегистрирован в ЕРДР УП Талгарского района…..» – деп кете береді.
Бұл ақпарат тек ересек адамдардың ғана емес, мектеп оқушыларының да топтық чаттарын шарлап жүр. Біз көп нүкте қойған тұстарда жәбірленуші мен күдіктінің аты-жөні анық көрсетіледі. Құзырлы құқық қорғаушылардың іс тіркеу құжаттарында жазылған бұл мағлұматтар Қазақстан заңдарына сәйкес құпия
сақталуға тиіс-ті. Бұл жерден біз бақытсыздыққа ұшырап, кезіндінің кездейсоқ құрбанына айналған отбасының қасіретіне ортақтасқан отандастарын емес, ақпараттың анық-қанығына үңілместен жарыса бөлісіп жатқан «жаңалық құмар» көпті ғана көреміз.
Бұдан бөлек, Алматы облысының бір ауданының шет жағындағы көпірден секіріп қайтыс болған адам туралы да ақпарат инстаграмм желісін біраз шулатты. Біреулер «көпірден секірген студент жігіт екен» – десе, енді бірі «қыз екен» деді. Тағы бірі «жындыханадан қашқан адам» – десті. Қоғам қорыта алмастан бір бірімен алмасып жүрген мұндай ақпараттар легі толассыз. Бұның бәрі әрине, бірінші кезекте шынайы ақпараттың қоғамға дер кезінде жетпеуін және қоғам мүшелерінің шынайы, боямасыз ақпараттан гөрі жалған желсөзге құмар екендігін, біреудің қасіретін рухани бөлісуге емес, шоуға айналдыруға ұмтылғысы келіп тұратындығын көрсетеді. Бірінші мысалымыздағы ақпарат шынайы болғанымен ол жердегі қылмыс құрамын біз таралған ақпараттың жеке адамдарға, азаматтарға елеулі моральдық зиян келтіруі дер едік. Қоғамдағы резонанс үшін біреудің жан жарасын тырнау да – қылмыс. Ендеше, оған да қарастырылатын заңдылықтар болуы шарт. Мұндай келеңсіздіктер ел өміріндегі саяси, қоғамдық мәселелерде де өршіп тұр. Мысалы, біз бүкіл елге белгілі кешегі Арыс оқиғасында да, жер митингілерінде де, діни экстремистік, терроризм мәселелеріне қатысты да фейк ақпараттардың жекелеген чаттарда да көп тарап жүргеніне куәміз. «Жалған мәлімет тарату» Қылмыстық кодексте ең ауыр жаза ретінде қарастырылып, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. БАҚ немесе әлеуметтік желі арқылы өсек таратқан адамға 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, осындай көлемде түзету жұмыстарына жіберілу, бас бостандығынан 2 — 5 жылға дейін шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені көрсетіледі және қазір фейк-скриншоттар мен оқулықтарға қатысты фейк суреттер жариялағандарға да қылмыстық іс қозғалады. Бұл жерден біз жалған ақпараттың, негізсіз ақпараттың, жеке бас құпиясын жариялаудың, біреудің трагедиясын әлеуметтік желі, чаттарда мазақ етудің жауапкершілігі бар екенін көреміз. Мұндай үлкен проблемалар азаматтардың мәдениетін, білім-деңгейін көрсетеді. Елдегі ақпараттарды сұрыптау, олардың шынайылығын тексеру, зорлық-зомбылық пен терроризмге насихаттауға жол бермеу тек журналистердің ғана міндеті емес, дамыған, білімге, өнерге ұмтылған қоғам өкілдерінің кез келгеніне ортақ міндеті.
Британдық ғалымдар әлеуметтік желілерді зерттеп, олардың адам танымына қалай әсер ететінін сараптапты. Таңдалып алынған 5 әлеуметтік желінің (YouTube, Twitter, Facebook, Snapchat, Instagram) ішіндегі YouTube – адамның денсаулығына ешқандай зиян келтірмейтін платформа деп танылса, ал Instagram-ның ашу туғызып, күйзеліске түсіретін кемсіту алаңына айналып бара жатқанын айтыпты. Қазақстандық ақпарат кеңістігінің соңғы жылдарын шолып қарасаңыз, эфирден зорлық-зомбылықты, жол апаттарын, адам қарай алмайтын қанды қылмыстарды көрсету азайды. Бірақ, есебіне, жалған ақпаратты тарату, жеке өмір мен жеке бас құпиясына қол сұғу, біреуді кемсіту, ұлтараздықты қоздыру сипатындағы материалдар мен жеке жазбалар легі көбейді. Бірақ, осыған сәйкес күштік құрылымдар бақылауы да осы бағытқа ойысты. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі соңғы жылдары сайттар мен әлеуметтік желілерге, интернеттегі кез келген жазбаларға мониторинг жасайды. Тұтастыққа, ел тәуелсіздігіне, жеке құндылықтарға залалын тигізетін материалдар интернеттен жойылып, олардың авторларына тиісті жауапкершіліктер көздейді. Құқық қорғау органдары мен бақылаушы тарапқа фейк ақпаратты, зиянды ақпаратты таратушыларды анықтау еш қиындық туғызбайды. Қазір кез келген телефоннан таратылған ақпарат геолокация мен өзге де телефон мәліметтер арқылы-ақ кімнен, қайдан тарағанын айқындап береді. Сондықтан тұтынушы өзінің қолындағы ақпаратын алдымен анықтап тексеріп алуға тиіс. Ол үшін қарапайым азаматтарға құқық қорғау орындарында немесе журналистика да жұмыс істеу шарт емес. Ең бастысы, ақпарат жауапкершілігін, адами, азаматтық жауапкершілікті сезіну– парыз. Дамыған кез келген демократиялы елдер өздерінің таза ақпарат, шынайы ақпаратқа жету жолдарында осындай кезеңдерді өткерді. Болашақта қазақстандық ақпарат кеңістігі де тәуелсіз, шынайы, объективті ақпарат беру мәдениетін меңгеретініне сенейік.
Жадыра ЖОМАРТҚЫЗЫ

[ratings]

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...