12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТАРИХҚА ҚҰРМЕТ АЛҒЫС АЙТУДАН БАСТАЛАДЫ

Тарих күнпарақтары қазақ халқының талай зұлматты бастан кешіргенін, өзі «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» секілді қасіретті кезеңді бастан кешіре жүріп, өзгеге пана, қорған болғанын еске салады. Елбасының бастамасымен қолға алынған Алғыс айту күні де осындай атаулы оқиғаларға құрметпен қарай отырып, бүкіл қазақстандықтардың ұлтаралық достық пен татулығының бастауы тереңде екенін ұмытпауға үндейді. Тарихи жадыны жаңғыртсақ, қазақ халқы өз жерінен ауып, үдере көшкен көп ұлтқа қорған болды, қамқорлығына алып баспана, жер, Отан берді. Қазақстанды мекен етіп жатқан жүзден астам ұлт пен ұлыстар осылайша «БІР ХАЛЫҚ. БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР-ға» айналған-ды.
Ендеше, ортақ Отандағы өзге ұлттардың жер иесіне деген ілтипаты қай кезде де артық болмайтыны анық. Алайда, мерекенің мәніне терең бойламаған жергілікті халық бұл күні бір біріне алғыс айтып, тіпті өмірге келгені үшін де жан-жағына ризашылығын жаудырумен жүр.
Сондықтан басқа ұлт өкілдеріне деген қазақтың дархан мінезі мен бауырмалдығын, бейбіт өмірді сүйетін ел екенін көрсететін, ұлттық татулықты, береке-бірлікті жоғары қоятын халық екенін түсіндіретін игі шаралар керек-ақ. «Қамқалы тонын кигізіп, Ас-суын алдан тосқаны үшін. Тіліміз бен ділімізді сақтап, қатарға қосқаны үшін» деп өзгелердің алғыс білдірер күнінің шын мәнінде ел бірлігі үшін маңызы зор екенін кеңінен насихаттау қажет. Ғаламдық өркениет көшіне ілескісі келетін халық үшін ел бірлігін нығайту жолында мекен етіп отырған барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі – ұлы мақсат. Сол себепті де ел ішінде болатын кішігірім қақтығыстарды ұлтаралық дауға ұластыру зайырлы мемлекет заңдылықтарына қайшы. Қай ел, қай мемлекет, қай жерде жүрсе де сол жердің заңы жалпыға ортақ. Осы тұрғыда, мемлекеттік ұстаным да татулықты, бейбіт өмірді насихаттайды. Кешегі қуғын-сүргінді көрген өзге этнос өкілдерінің ұрпақтары қазақтың қадірін біледі, елдің, жердің иесіне құрметпен қарайды, өзін аштықтан, апаттан аман алып қалған халықтың құндылықтарын қадірлейді.
Алайда соңғы отыз жылда өмірге келген ұрпақтың арасында «аштықта жеген құйқаның дәмін» ұмыта бастағандар да жоқ емес. Көпшілік Жамбыл облысының Қордай өңірінде орын алған қақтығыстан да осындай келеңсіздіктің шетін көрді. Сондықтан, Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде Ассамблея жұмысын қайта қарауды ұсынды. Қазақстан халқы
Ассамблеясының аппараты мәдени және ойын-сауық іс-шараларға емес, ең алдымен сараптамалық жұмыстарға баса мән беруі керектігін атап өтті.«Біз 30 жылдың ішінде қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Көпұлтты мемлекет болуымыз – біздің
артықшылығымыз», – деген Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы көпұлттықты игілігімізге пайдалану қажеттігін ескертіп өтті. Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық қызметін күшейту және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізу бойынша қабылданған шаралар алдағы уақытта олқылықтардың орнын толтырар деген үміттеміз.

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, саяси ғылымдар докторы, профессор:
Қоғамда, әсіресе жастар арасында, оның ішінде ата-әжелері тоталитарлық саясаттың қысымына
ұшырап келгенде кең құшағына алған жер туралы, өздері аш-жалаңаш отырса да, айдалып келгендерге бала-шағасы талғажау етіп отырған қара көжесі мен қатқан нанын бөліп берген халыққа алғыс айтуды артық көретіндер үшін кең ауқымды түсіндіру науқанын өткізген жөн секілді. Өйткені соңғы жылдары Тәуелсіздіктің маңызын ұқпайтындар мен бейбіт күннің қадіріне жете алмайтындар бар екенін сезініп жүрмін. Бейбіт елде, жайлылықта өмірге келгендер үшін расында да сол заман адам сенбестей көрінуі мүмкін.
Сондықтан қазір барлық жерде Достық үйлері жұмыс істейді, солар осы бағыттағы жұмыстарын күшейткені жөн. Сондай-ақ, алғыс айту күнінің маңызын арттыруымыз керек. Америкада бағзы замандардан бері аталып өтетін ризашылық білдіру күнінің мерекеленуі Рождестводан немесе Жаңа жылдан кем түспейді. Осы орайда айта кетер жайт, Америка құрлығын отарлаушылар 1621 жылы қаһарлы қыстың құрсауында қалып, аштыққа ұшырайды. Сонда жергілікті үндістер аяушылық танытып, бірнеше күркетауық әкеліп, оларды тамақтандырады. Мұны айналадағы басқалар да қоштап, бұл дүйім жұрттың қаһарлы қыстан аман-есен өтуіне себепші болған деседі. Сол кезден бастап бұл күн аман-есен қалғандары үшін Жаратушыға құлшылық ету және көмек қолын созғандарға ризашылық білдіру күні ретінде аталып өтеді. Былай қарасаң мерекенің шығу тарихы біздікімен қатты ұқсайды. Қазір кең көлемде аталып өтетін бұл күнді 1789 жылы Джордж Вашингтон «Ұлттық мереке» деп жариялады. Содан бері тойланып келеді. Қазір бұл мерекеге мемлекет деңгейінде, көшелерде шеру өткізіліп, үйде дәстүрлі тағамдар, солардың ішінде, міндетті түрде күркетауық қойылуы халықтың өткен жолын, тарихын ұмытпағанын, аштықтан аман алып қалғандарға ризашылығын білдіруін көрсетеді. Ендеше істеген жақсылығын сату немесе кешегі жақсылығын бұлдау үшін емес, уақыттың сұранысына сай өмірге келген, ел ішіндегі береке бірлікті арттырар алғыс айту күні құтты болсын!

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.

Шоқан ОРАЗАЛИН, Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы: «ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАЗАҚША ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ»

Мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясаты саласындағы көңілге кірбің шалдыратын түйткілдерді шешу бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, елдің ертеңі болып табылатын балалардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіру – ұрпақтар сабақтастығының аса өзекті тұсы. «Тәрбие – тал бесіктен» десек те, қазіргі таңда балабақшадан бастап, жалпы орта білім беретін мектептерде мемлекеттік тілдің деңгейін көтерудің аса маңызды екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қоғамда «теріскей облыстар орыстанып кеткен» деген қасаң көзқарас қалыптасып қалғаны рас.

ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жолындағысын жайпап өткен ағын су Ақмола облысының да ондаған елді мекенін басып, кейбірін күні бүгінге дейін сыртқы әлеммен қатынассыз, жарықсыз әрі сусыз қалдырған. Өңірде осыған дейін Атбасар, Астрахан, Бұланды, Есіл және Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланған еді.