Бас тақырып | Тема дняЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазақстанда қанша адамның несиелік қарызы кешірілетіні белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова елімізде несиелік рахымшылық аясында шамамен 507 мың азаматтың несиелік қарызы кешірілетінін айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, несиелік бюроға 2 миллион 289 мыңнан аса адамның мәліметтері жіберілген. Қазіргі уақытта несиелік қарызы кешірілетін азаматтардың саны анықталған.

«Несиелік бюро екінші деңгейлі банктердің мәліметтерімен салыстырып, аталған тұлғалардың несиелерін анықтайды. … Проблемалық несиелер қоры екінші деңгейлі банктермен келісімшарт жасайды. Бүгінге дейін несиелік қарызы кешірілетін 507 мыңға жуық адамның анықталғанын айта аламыз», – деді Светлана Жақыпова үкіметтің баспасөз конференциясының барысында.

Вице-министрдің сөзінше, мұнан кейін несиелік қарызы кешірілетін азаматтардың тізімі ұлғаюы мүмкін. Тізім аяқталған жоқ, дейді ол.

Комментарий