Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоСпорт

“Мен Қазақстаннанмын, оны Ресеймен шатастырмаңыздар”: Геннадий Головкин шетелдік тілшілерге

Fox News радиостанциясының The Ashley Webster атты бағдарламасын жүргізетін тілшілер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге сұрақ қойып, сасып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kzбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шоу жүргізушілері Головкиннің ресейлік боксшыларға қатысты пікірін білгісі келді. Бірақ спортшы өзінің басқа елден шыққанын айтты.

– Ресейлік боксшылар — қатыгез. Өте қатыгез. 
– Кім? Маған атап бере аласыздар ма? Ешкім білмейді, — деді Головкин.

– Біз сенен сұрайық деп едік. 
– Мен Ресейден емеспін.

– Қазақстаннансың, окей. 
– Ол Ресей емес!

– Бұрын ол Кеңес Үкіметі болды. 
– Иә. Ол бұрын болды.

25 тамызда жарияланған сұхбатта спортшы бокспен айналыспай тұрып, футболға қызыққанын айтты. Жүргізушілер қарапайымдылық жайында сұрақ қойғанда халық алдында жалған сөйлегенді, жалған әрекеттер жасағанды ұнатпайтынын жасырмады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жекке дайындалып жатыр. 

Комментарий