Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

Қазіргі оқулықтар сауаттандыру орнына, сауатсыз ұрпақ қалыптастыруға ықпал етпек! – Бақытбек Смағұл (ФОТО)

Әңгіме Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәнінің оқулығы – «Smiles 1 Pupil’s Book for Kazakhstan Grade 1» (Jenny Dooley, Virginia Evans, аударған Н.Мұхамеджанова) туралы болып отыр.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл 1 сыныпқа арналған ағылшын тілі кітабында қате өріп жүргенін айтты, деп жазады Skifnews.kzақпараттық порталы.

Ол өзінің Facebook-парақшасында кітаптағы қателердің әрқайсысына тоқтала отырып, жазба қалдырды. Жазба “Оқулық па, олқылық па?” деген тақырыппен жарияланды.

Депутаттың осылай жазба қалдыруына итермелеген – Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған жаңа оқулықтағы өрескел қателер екен.

“Биылғы 13 тамыздағы Үкімет отырысында БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов «1 қыркүйектен бастап, оқушылар мен ата-аналар электронды оқулықтарды Білім және ғылым министрлігінің сайтынан жүктеп ала алатынын» мәлімдегені есте. Уәде етілгендей, олар қазір сонда тұр.

Оқулықтарды қарап отырып, оларда жолыққан жөнсіздіктер жанға батып, жігерімді құм қылды. Бұл бір кетпейтін кесел, бітпейтін түйткіл болды.

Әңгіме Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәнінің оқулығы – «Smiles 1 Pupil’s Book for Kazakhstan Grade 1» (Jenny Dooley, Virginia Evans, аударған Н.Мұхамеджанова) туралы болып отыр”, – деп бастады Бақытбек Смағұл.

Әрі қарай ол осы кітаптағы қателерге жеке тоқталып шықты.

Комментарий