Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

“Біреулермен шатастырған болар”: Алматыда көлікпен басып өткеннен кейін зардап шеккендер не болғанын айтты

Алматыда адамдарды көлікпен әдейі басып өткеннен кейін зардап шеккендер оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді. Олар бізді әлдекіммен шатастырды, деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиғадан кейні зардап шеккен Сергей ханның қолы сынып, ауруханада жатыр. Ол сол түні не болғанын айтып берді. Ер адамның сөзінше, даудың басы сөз таластырудан басталып, арты төбелеске ұласқан.

«Досымызды шығарып салып, азық-түлік алу үшін дүкенге кірдік. Көрші ғимаратта бір топ жігіт жүрді. Олар сөзге келіп қалған екен. Не туралы дауласқанын түсінбедім. Тиісінше, біз дүкеннен шыққаннан кейін сол топ бізге қарай беттеді. Артынша бізге бейәдеп сөздер айта бастады. Мүмкін олар бізді біреулермен шатастырған болар», – дейді зардап шегуші.

Осыдан кейін екі топтың арасында төбелес басталыпты. Сергей Ханның айтуына қарағанда, жанжалды қарсыластары бастаған.

«Сол топтың ішінде жүрген екі адам көлікке отырып, бізді қаға бастады», – дейді ол.

Ал күдіктілердің анасының оқиғаға қатысты өз нұсқасы бар. Ол сол түні ұлдарының туысының туған күнін атап өткенін айтты. Жігіттер дәмханадан шыққан кезде, оларға 13 адам тап берген, дейді.

Айта кетерлігі, күдіктілердің бірі тұтқындалса, екіншісі әліге дейін іздестіріліп жатыр. Адамдарды көлікпен таптаған екі жігіт 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, 26 тамыз күні Алматыда көлікті қару ретінде пайдаланған төбелес болды. Оқыс оқиға Бостандық ауданындағы Гагарин-Дружба көшелерінің қиылысында таңғы сағат бес шамасында орын алғаны хабарланған болатын.

Комментарий