Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

303 мың теңгеге дейін: Қазақстанда мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынбақ

Елімізде мұғалімдерді өздеріне тиесілі емес жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлімдеді.

«Педагогтың мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған министр тиесілі емес жұмыстарға тарту, шектен тыс есепті талап ету, негізсіз тексерістер жүргізуге тыйым салу арқылы педагогтардың жүктемесін төмендетуге қатысты нормалар қарастырылғанын атап өтті.

«Тиесілі емес қызметтер мен шектен тыс есеп беруге тартқаны үшін, құқық бұзушылық субъектіне байланысты 20-дан 120 АЕК-ке дейін (50 500 теңгеден 303 мыңға дейін) айыппұл қарастырылған», – дейді Аймағамбетов.Сонымен қатар білім министрі аталған мәселенің тиісті кодексте қарастырылатынын айтты.

«Материалдық және материалдық емес ынталандырудан бөлек, біз мұғалімдерің сенбіліктерге, басқа да шараларға қатысуы туралы айтып отырмыз. Бұған жол бермеу үшін, осындай шешім қабылдадық. Аталған мәселе тиісті кодексте қарастырылады. Егер деректер анықталса, айыппұл бекітіледі. Айыппұл заңды және жеке тұлғаға да, директор, меңгеруші немесе мемлекеттік органдардағы тұлғаларға салынуы мүмкін», – деп түсіндірді министр.

Комментарий