Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

“Лас қолымен тамақ жегені үшін өлтірді”: Қостанай облысында ер адамды құлдықта шынжырлап ұстаған

Қостанай облысында ер адамның өлімі сотта қаралуда. Жәбірленуші 2016 жылы құлдықта болған.

Оқиға 2019 жылы ғана белгілі болды. «Дамыту» ҚҚ төрайысы Нина Косюк бұл оқиға 2016 жылы болғанын, бірақ ол туралы тек 2019 жылы белгілі болғанын айтты, деп хабарлайды Alau.kz.

«Ер адам Меңдіқара ауданында құлдыққа түсті. Оны қамауда, шынжырмен ұстады. Табадан лас қолмен жегені үшін өлтірді. Ер адам аш болған соң тамақ жегісі келді», – деді Нина Косюк .

«Дамыту» ҚҚ төрайысы адам саудасының құрбандары көп екенін мойындады.

«Бізде екі адам тұрды, олардың бірі абайсызда қайтыс болды, екіншісі мал бағып жүріп, аязда үсік шалып көз жұмды. Туыстары оны бес жыл бойы іздегенімен, оның құлдықта болғанын білді. Туысы табылғанда одан бас тартты. Ол жұмысқа орналасып, мал бағып жүріп, мерт болды. Өте өкінішті жағдайлар », – деді Нина Косюк.

Комментарий