Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

Павлодарда ер адамның өзіне қол жұмсауына әкеп соқтырған полицей 8 жылға сотталды

Үкім шыққаннан кейін судья қылмыстық тергеу жүргізілген бірнеше заң бұзушылықтарға назар аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі pavon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы ішкі істер органының қызметкері Ермек Т ер адамның өзіне қол жұмсауына кінәлі деп танылды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 194-баптың 3-бөлігінің 2-тармағы және 105-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтсін», – деп Мейрамгүл Әбілғазина үкімді оқыды.

Бұдан бөлек, айыпталушы 940 мың теңге өкілдік шығындары және екі миллион жәбірленуші тарапына моральдық шығын есебінде өтеуі керек. Ол өткен жылдың қараша айынан бастап қамауға алынған.

Еске салсақ, өткен жылы 31 жастағы павлодарлық Асхат Әбілов Ермек Т тарапынан көрсеткен қысымға шыдай алмай, терезеден секіріп қаза тапқан болатын. Онымен бұрынғы полицей екеуін кішігірім бизнес байланыстырған. Айыпталушы түрлі себептермен Әбіловке ай сайын жүз мың теңге беріп тұруын талап етіп отырған. Егер оны төлемесе, онда отбасының пәтерін тартып алатынын айтып телефонмен бопсалаған.

«Біз үкіммен келіспейміз, оның ішінде 105-баптың тармағын – өз-өзіне қол жұмсау деп өзгерткен. Сонымен қатар, Оңтүстік полиция басқармасында 389-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу өте нашар жүргізілді, айыпталушы белгілі бір уақытта сол жерде жұмыс істеуі мүмкін деп алынды. Оны сол бап бойынша қамады», – дейді жәбірленуші жақтың адвокаты Қарлығаш Жамалиденова.

Комментарий