Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Алматыда үш адамды аяусыз мыжып өтті: Көлік қаққандар тірі қалды ма

Алматы қаласының дәрігерлері көлік аяусыз басып өткен үш адамның жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық №7 клиникалық емханаға 1991 жылы дүниеге келген екі азамат жеткізілді.

«Біреуіне «ашық бас-ми жарақаты» диагнозы қойылды. Бас миы жеңіл дәрежеде зақымдалған. Денесінің оң жақ бөлігінде сынық бар. Ауырлығы – орташа дәрежеде. Екіншісіне «жабық бас сүйек-ми жарақаты» деген диагноз қойылды. Сондай-ақ, екінші азаматтың миы шайқалған.  Ауырлығы – орташа. Ал үшінші науқас орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Оң қолдағы шынтағы сынған. Сол қолының білек тұсы сырылған», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін 26 тамыз күні таңғы сағат 4 шамасында үш ер адамды көліктің аяусыз мыжып кеткені туралы хабарлаған едік.

Комментарий